OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяҚан кешкен күндер.

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

zaisan 1302 213-ақпан  күні  Зайсан  аудандық  онлайн  орталығында   ауған  соғысының  аяқталғанына  28 жыл  толуына  орай, «Қан  кешкен  күндер»   атты  ауған  соғысы ардагерлерімен   Көкпекті  онлайн   орталығымен  кездесу  кеші  өтті. Кешке Көкпектіден  ауған  соғысы  ардагерлері Е.Чужумов, А. Мукашев, Зайсаннан ауған  соғысы  ардагерлер  ұйымының  төрағасы  С. Мананбаев пен Қ. Бақаев,  «Мұрагер»  үйінің  ардагерлері,       М. Дәуленов  атындағы  мектеп-интернатының  9-сынып  оқушылары қатысты. 
 Зайсан  ауданы бойынша  67 –адам Ауған  соғысына  қатысқан.Олардан тірі  қалғандары   36-адам. Шарада осы  жерлестерімізге  арналған  слайд  көрсетілді. Бақытбек  Смағұлдың  «Қан  кешкен  күндер»  кітабындағы        жас ақындардың жыр мүшәйрасында үздік деп танылған Ш.  Қайырбектің   «Қанжардан  құтқарған  қазақ  тілі»  атты  өлеңі оқылды. Қатысушылар назарына  Интернет желісінен   Ауған соғысы. 1-бөлім   және «Мен  көрген zaisan 1302 1 соғыс» деректі фильмдерінен  үзінділер  ұсынылды.
Мектеп  оқушылары ауған  соғысы  жайлы, ардагерлер  мен  сол  соғыста  мерт  болған  боздақтарға  арналған  жыр  шумақтарын  оқыды.Сөз  кезегі   ауған  соғысы  ардагерлеріне  беріліп,  сол  бір  қанды  қырғын  жайлы   әңгімелеп  берді. Оқушылар  өз  ойларында  жүрген  сұрақтарын  қойды.  Сондай-ақ   Көкпекті  ауданындағы онлайн  орталығы  қызметкерлері  кеш қонақтарына  құттықтау  сөз айтып,  ауған  соғысы  ардагерлері  бір-бірімен  онлайн   режимде  жүздесті.                                          
Ауғандықтар, ауғандықтар!      
Тозақ  отын   кешкендер.    
 Өлім-өмір  көпірінен  өткендер.  
Сендер  үшін  қояр  едім, тек  алтыннан  ескерткіш,
zaisan 1302 3Ондай  менде  құдірет жоқ  сөкпеңдер! – деп  ақсақалдар  алқасының  мүшесі   Зәкиев  Советхан  аға  өзінің  жыр  шумақтарын  арнаса, аудандық мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімінің   басшысы  С.Сиырбаев, зейнеткерлер  М. Қабылов, Р.Шотаева   ардагерлерді  құттықтап, ыстық  лебіздерін   білдірді.  Кітапхана  қызметкері  Қ.Сағымжанова  «Ауғанның  от  жалыны»  атты  кітап  көрмесіне  шолу  жасады.     «Ауған  соғысы – он  екіде  бір  гүлі  ашылмаған   боздақтардың  қанымен  жазылған  тарих»  деп  біледі  кейінгі  жас  буын  өкілдері. Жылдар  жылжып  өткенімен  ерлікпен  қаза тапқан  ержүрек  жауынгерлеріміздің  ерлігі  ел  есінде  мәңгі  сақталады.  
: