OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: Главная «Бір тойым бар...»

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

zaisan 1403 2Қазақ  халқының  рухани  мәдениетінің  ірі  тұлғаларының  бірі ,  ағып  түскен  жарық  жұлдыздай  болған дарынды  талант иесі,  ақын  Төлеген  Айбергеновтің  туғанына  80 жыл  толып  отыр.   Осыған  орай,  14 наурызда Зайсан қаласының аудандық  кітапханасында жыр сүйер қауыммен  «Бір  тойым бар»  атты  поэзия  кеші  өтті.

 Кешке  аудандық  ардагерлер  ұйымының мүшелері,  мәдениет  бөлімінің  әдіскері  - Д. Аршабаева, Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің  оқушылары, zaisan 1403 3 ұстазы – Г. Ахметжанова  қатысты. Шараны  жүргізушілер Ғ. Қасбаева, Ш. Далабаева  кешті  ақынның  «Бір  тойым  бар»  өлеңімен  ашты. Ақынның  өмірі,  шығармашылығы  жайлы  бейнефильмдер: «Төлеген-жыр» , «Төлеген Айбергенов ұрпағы»,  "Ана" Н. Әбсадық,  Г. Сарина "Сағыныш" , слайдтар  көрсетіліп, «Жыр  жүрегінің  жапырағы»  атты кітап  көрмесі  ұйымдастырылды.  Сондай-ақ  мектеп  оқушылары: Ұ.Сайранбекова, Д. Болатбекқызы, Г.Алтынбекқызы, А. Нүкенова, Н. Гайсина, А. Әнуарбекова  «Бір тойым бар», «Космонавт  монологі», «Ағыстар мен ғасырлар»,  «Бір  жетсе менің  ажалым жетеді», «Сағыныш» тағы басқа өлеңдерін нақышына келтіріп  оқыды.  Төлеген жыр  әлемінде өзіндік  үнімен еніп, соңынан тұтас бір толқынды  ерткен, қазақ  поэзиясы тарихында бүтін  бір  дәуірдің  кілті  болған тұлға.  Оның  өлеңдерін  ынтыға тыңдамаған  иісі  қазақта  ешкім жоқ.  Айбергеновтің   өлеңдеріне көптеген  сазгерлеріміз  ән жазған. Әнші  сазгер Р. Әлқожаның  «Атамекен», Ш. Қалдаяқовтың  «Ақ  ерке  -  Ақ жайық»  әндері  кітапханашы  Ш.Далабаева мен ардагер  С.Салиевтің  орындауында  кешке  қатысушы қауымды бір серпілтіп  тастады. Өмірден өзі  кетсе  де,  Төлеген жырларына  баға  берген  қаламдастары М.Мақатаевтың  «Төлеген», М. Шахановтың «Айбергенов шыңы», Қ.Мырзалиевтің   «Төлегенге» өлеңдерін  аудандақ әйелдер кеңесінің төрайымы  Б.Қашағанова, кітапханашылар Ж.Салықбаева мен Қ.Сағымжанова оқып берді. Кеш соңында ардагерлер М. Қорабаева, Б. Құпиева, Б. Қашағанова, Р. Шотаева ой бөлісті.   Шараның ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесінің зор екенін, Айбергенов әлемімен  терең танысқандары жайында айтып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Кеш ақын Ә.Шегебайдың мына өлең жолдарымен аяқталды.

Үрімдей боп үн қатқанда ізгі күн,

Үлбіреген үміт жібін үзді кім?

Мыналардың бәрі қалай сыйған деп 

Жүрегіңе үңілеміз біз бүгін

Тайнапырдың талайларын таң қылып, 

Жырың қалды жылдар болып жаңғырып,

Тән жүрегің тоқтағанмен, жан аға,

Жан жүрегің адамдармен мәңгілік!


: