OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: Главная Наурыз- береке, Наурыз мереке

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

terekty 15 03 315- Наурыз күні Марқакөл ауылдық кітапханасында Күршім аудандық әкімшілік аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі 12 жас пен  62 жас аралығындағы жандарға арнап «Наурыз- береке, Наурыз мереке» атты танымдық сағат өтті.

Танымдық сағаттың мақсаты- ұлттық салт- дәстүрді ұлықтап, Наурыз мерекесін насихаттау болды. Мереке Марқакөл ауылдық округі әкімі-  С.А . Ақсартовтың  құттықтау сөзімен ашылды. Сондай- ақ шара барысында скайп арқылы Күршім аудандық орталықтандырылған кітапхана меңгерушісі terekty 15 03 1Смайлова Г.А.  шығып қонақтарға ізгі ниетін білдірді.Әр құттықтау сөзден соң мәдениет үйінің әншісі Шешенгүл Нұргүл  Наурызға ән шашу арнады. Келесі сәтте ауылдың жеке кәсіпкері Қ.З.Бату дастархаға ақ бата тіледі. Кітапхана қызметкерлері өздері дайындаған  жеті түрлі дәннен әзірленген  Наурыз көжені келген қонақтарға ұсынды. Дастархан басында ата- аналар тарапынан құттықтау тілектер айтылып, өлеңдер оқылды. Әсіресе М.Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың» атты өлеңін Әмір Ескендіров нақышына келтіре жатқа оқығанда жиналған қауым үлкен әсерге бөленді. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер Алпысова А., Болыспаева З.,Әлімбекова С., Қиналбаева А.,Тыныбаева С әнді нақышына келтіре орындаса, Сайлаубекова С. жұмбақ жасырып,қонақтар көңілінен шығып, шараға бәрі қатысты.

terekty 15 03 2Өнер мектебінің директоры Кемешев Р.Н. келген қонақтарға арнау ән айтып, халық ризалығына бөленді.Шара барысында Күршім аудандық әкімшілік аумақтық әлеуметтік қызметтік көрсету бөлімінің маманы- Баяндинова С. Наурыз мерекесіне байланысты өз ыстық ықыласын білдірді.

Шара барысында проекторлық экран бойынша көрсетілген  «Хош келдің Әз Наурыз!»,   «Төрлет Наурыз!»атты бейнероликтер қонақтар қызығушылығын арттырып отырды.

Атаулы шара соңында кітапханашы Ақсартова Г.А. келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап,елімізге тыныштық, береке тіледі.

Мерекелік көңіл күй қонақтарға да беріліп, олар өз тараптарынан жеке әндер орындап , өлеңдер оқыды.Келген қонақтар кітапхана қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлерге алғыс айтып, ризашылықпен тарасты.

 

 

: