OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяАлашорда – тәуелсіздік бастауы.

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

zaisan 2704 1Зайсан аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен - 27 сәуірде,   Алашорда қозғалысының 100 жылдығына байланысты, Зайсан қаласындағы Х.Мұстафина атындағы мектеп – лицейде , осы мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Алашорда – тәуелсіздік бастауы» атты тарихи кеш өткізілді.

Тарихи кеште - Алаш қозғалысының қалыптасу, саяси аренаға шығу, Алаш автономиясын құру, кеңестік дәуірдегі құғын-сүргін кезеңдері,  алаш қайраткерлерінің өмірі , қоғамдық – саяси қызметі, тарихи маңызы туралы сөз қозғалды.
Тарихи кешке Зайсан ауданының құрметті азаматтары ардагер журналист Бекен Жапаров , өлке тарихынан мерзімді басылым беттерінде мақалалары жарық көріп жүрген , бірнеше кітаптардың авторы Қалибек Алтыбаев , сол бір кезеңдерде алаштықтарға қолдау көрсетіп , тығыз байланыста болған азаматтардың ұрпақтары – зайсандық кәсіпкер Орал Мұхамеджанов пен Алтай аймағынан еліне оралған Тоқтархан Ахмадияр, Зайсан аудандық өлкетану мұражайының қызметкері Ф.Жүнісов, Зайсан қаласындағы Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімдері Толқын Райысова , Салтанат Шакеновалар қатысып, қатысушыларды алаш қозғалысы туралы мәліметтермен таныстырды. Кешімізге арнайы шақырылған Зайсан ауданының құрметті азаматтары Б.Жапаров, Қ.Алтыбаев  алаш қозғалысына белсене араласқан зайсандықтар туралы деректерге де тоқталды. Кештің өту барысында мектеп – лицейдің 10 сынып оқушылары,  осы мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі С. Шакенованың басқаруымен дайындаған «Азаттық таңын аңсаған алаш арыстары» атты тарихи көріністі сахналап, қатысушылар назарына ұсынды және 10 сынып оқушылары Медеубаева Жансая, Қабылғазы Гүлдана С.Торайғыровтың «Ұран», Ж.Аймауытовтың «Шәкірт ойы» өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Қазақтың айтулы ақыны С.Торайғыровтың сөзіне жазылған «Алаш ұраны» атты әнді Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары  Шаяхметов Мирас пен Асхатұлы Ахмет орындады.  Тарихи кеште алаш туралы жарық көрген әдебиеттерден , газет-журнал мақалаларынан «Алаш мұрасы» атты ұйымдастырылған кітап көрмесі бойынша кітапханашы Салықбаева Жанна шолу жасады.Кеш қатысушылары назарына  «Алаш партиясы, Алашорда үкіметі-Алаш автономиясы» атты ұсыныс тізімі құрастырылып ұсынылды. Кештің өту барысында Интернет желісінене  алаш қозғалысы туралы деректі бейнефильм, М.Дулатовтың «Алашқа» атты реквиемі көрсетілді. Әнші Жоламан Құжимановтың орындауында алаш маршына айналған М.Дулатовтың«Зар заман» әні тыңдалды. Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған әндерді мәдениет үйінің әншісі, жыршы-термеші, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальдің иегері Мұратхан Донбаев және кітапханашы Шынар Далабаева орындады. Соңында, кеш жүргізушісі  Сыязбаева Жанат қатысушыларға аудандық кітапхана ұжымы атынан алғыс айтып, сый-сыяпаттар ұсынып, алғыс хаттар тапсырды.   
Мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімдері Алашорда туралы көрсетілген деректі фильмдерге қызығушылық танытып, тарих сабақтарында қасымша пайдаланудың қажеттілігін айтып өтті.Ұсынылған кітап көрмесі келушілер назарын бірден өздеріне тартып, 20 жуық деректі тарихи кітаптар қолға беріліп, 12 адам кітапхананың жаңа оқырманы атанды.Тарихи кеш қатысушылары қазақ елінің еркіндігі жолында күреске шығып, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін қиған алаш қайраткерлері туралы мол мағлұматтар алды.

zaisan 2704 2 zaisan 2704 3 zaisan 2704 4 zaisan 2704 5
: