OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяАсқар Алтаймен кездесу

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

518- мамыр күні –Марқакөл ауылдық кітапханасы  ауылдық мәдениет үйінде  «Өр Алтайдың атақты шамшырағы» атты  талантты жазушы- Асқар Алтайдың оқырмандармен шығармашылық кездесу кешін ұйымдастырды.

Кездесу кешінің мақсаты-   ақын шығармаларын насихаттау, жеткіншектердің ой өрісін дамыту, ұрпақ   тәрбиесіне көңіл   бөле отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.Кешке ауыл тұрғындары, Күршім колледжі студенттері,  Марқакөл орта мектеп оқушылары, Марқакөл ауылдық мекеме қызметкерлері жиналды. Кешті жүргізген кітапханашы Башабаева С.Р. оқырмандарға жазушы өмірбаянын таныстырып өтті.Жазушымен кездесу сондай жайлы, оқырман қызығушылығын туғызған кеш болды. Кеш барысында жазушы Асқар Алтай туып өскен жері туралы, жазған шығармалары жайлы оқырмандарға әңгімелеп берді. Кездесу кешінің «Оқырманмен бетпе- бет» айдарында оқырмандар өздерін қызықтырған, өздерін мазалаған сауалдарын қойып жазушымен сұхбаттасты.
Ал мәдениет үйінің әншілері жазушыға арнап әсем әндерін әуелетті.Кеш соңында Марқакөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Қасентаева Ә.А., Күршім аудандық маслихат депутаты- Садуов Н.А. ыстық ықыластарын білдіріп, ауылға келген қадірменді қонаққа ата салтымен  шапан жапты. Сонымен қатар ізгі тілек, ыстық ықыластарын білдіріп, Марқакөл ауылдық кітапханасы кітапханашылары атынан Ақсартова Г.А. ескерткіш сыйлық тапсырып, Марқакөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы-Наурызбаев Ә. жазушыға ақ батасын берді.Кездесу аяғында  жазушы Асқар Алтай оқырмандармен естелікке суретке түсті.Кездесу қызықты әрі әсерлі өтті.

 

: