OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: Главная Кітапханашылардың кәсіби кездесуі жалғасуда

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бері облысымыздың Семей өңірінде, Көкпекті, тарбағатай,Зайсан аудандарында А.С.Пушкина атындағы кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен «Кітапханашының әлеуметтік желі қызметін пайдаланудағы кәсіби біліктілігі» атты семинар-тренингтер өтіп жатыр. Аталған шара 31-ші мамырда Күршім аудандық кітапхансында жалғасты.

Семинарға Күршім аудандық кітапханасының мамандары, мектеп кітапханашылары да қатысты. Семинар-тренингтің  мақсаты әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту, кітап оқуды, кітапханаға виртуалды кеңістіктегі пайдаланушыларды көптеп тарту, оларға ақпараттар жеткізу, түрлі конкурстар ұйымдастыру, онлайн-сауалнама алу, пікір алмасуға  арналған шығармашылық алаңы ретінде пайдалану.Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы кітапхана мамандары бір-бірімен кәсіби ақпараттармен алмаса алады. Осы жұмыстарды жеңілдету мақсатында контент жоспарлар құруғ арнлаған Интернет желісінде түрлі бағдарламалар бар. Соның бірі SMM-Planner.Қатысушылар онлайн режимінде өздерінің жұмыс жоспары аясында контент-жоспарлар құруды үйренді. Және осы әлеуметтік желілерде түрлі баннерлер, инфографика, слайдтар, иллюстрациялар жасауға арналған Canva онлайн конструктор қызметін пайдаланып, өздерінің тақырыбына сай дизайн жасауды үйренді.Қатысушылар семинар барысында көптеген жаңа ақпараттар  алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Қосымша ақпараттар: Күршім ауданы Әкімінің ресми сайты - "Семинар тренинг өткізілді"
Күршім аудандық кітапханасы
Көкпекті аудандық кітапханасы
Ақсуат аудандық кітапханасы

kurchum 3105 2017 ter1 kurchum 3105 17 4 kurchum 3105 17 5 kurchum 3105 17 6
: