OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяКедергісіз болашақ
Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс- бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парыз» деп айтылған. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ағымды жылдың 13 шілдесінде Күршім ауданы, Марқакөл ауылдық кітапханасында №9 «Нұр Отан»басқарушы партия үйымының орынбасары,аудандық маслихат депутаты Кемешева Л.О. және кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы мүшелері қатысуымен кездесу өтті.

Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі  тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру. Аудандық маслихат депутаты , «Нұр Отан» партиясының мүшесі Кемешева Л.О.өз баяндамасында жобаның өзектілігі мен міндеттерін толық айтып ашып берді. Аталған жобаны төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған: мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу; мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау; қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған тұрғындарды ақпараттандыру жұмысын күшейту; мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құруды көздеген жоба негізінде әлі де көптеген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға еңбек етуге қолайлы мүмкіндік туғызылатыны анық.
Кездесуге Рауан-Заря газетінің меншікті тілшісі  Мухамеджанов А.,әлеуметтік бөлімінің кеңесшісі Баяндинова С.,әлеуметтік қызметкерлер: Қиналбаева А.,Әлімбекова С.,Сайлаубекова С.,ауылдық аурухана медбикелері Нұрсалова Қ.,Таңцарова Қ.,Көбегенова З.,№2 Теректі орта мектебінің директоры Амренов А.Ж., Марқакөл мәдениет үйінің әдіскері Жумажанова А.,Марқакөл мәдениет үйінің әшісі Амирбаев Е.,Марқакөл мәдениет үйінің суретшісі Жақаев Қ.,кітапханашылар Тимкенева С.,Ақсартова Г. қатысып  «Кедергісіз болашақ» жобасы бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.

terekty 1407 2 terekty 1407 3 terekty 1407 4 terekty 1407 1        

 

 

 

: