OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяКүршім ауданы кітапханаларында

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

Марқакөл ауылдық кітапханасы - «Қазақтың дара ұлы»   
markakol 1804 218-ші сәуірде  «Бір ел,бір кітап»  акциясы аясында  Марқакөл ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі  бойынша «Қазақтың дара ұлы» атты ауызша журнал өтті. 
Шараға №2 Марқакөл орта мектебінің 7 сынып оқушылары  қатысты.
Ауызша журнал үш беттен тұрды. Бірінші беті –Батыр жазушының өмірбаяны жайлы мағлұмат.Екінші  бетінде- кітапханашы Башабаева С.Р. автордың  «Ұшқан ұя» повесімен жас жеткіншектерді таныстырып, кітаптан үзінділер оқыды. 
Үшінші бөлімінде  оқырмандарға кітапханашылар   «Мәртебесі мәңгілік қазақ елі»атты кітап көрмесіне шолу жасап, онда қойылған  Ұлы Қазақ елінің даңқын шығарған батыр- жазушының басқа да  шығармаларымен таныстырды.
Сондай-ақ жас оқырмандарды аса қызықтырған пректорлық экран арқылы көрсетілген батыр- жазушының «Ұшқан ұя» повесіне туралы Интернет желісінен көрсетілген бейнефильм болды . 
 
 Флешмоб :  « Жүрегім сенімен бірге- Астана» 
kurchum 1804 3Күршім аудандық кітапханасының кітапханашылары Р.Кенжеханова, Г.Жакупова С.Жунусова және Күршім жастар ресурстық орталығыkurchum 1804 4  биылғы жылдың айтулы мерекесі, еліміздің бас қаласы – Астананың 20-жылдық мерейтойына 18 сәуір күні «Жүрегім сенімен бірге – Астана!» атты флешмоб  ұйымдастырды.Астана қаласының киелі қасиеті, өзіндік ерекшеліктері және 20 санының нышаны мерекелік танымдық бағдарламаның мәні мен мағынасы . Астана – «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыттарын іске асырудың жарқын мысалы: жаңашылдыққа ұмтылыс, жаңа құндылықтар қалыптастыру, өркенді келешек үшін инновациялық идеялар енгізу. 20 жылдың ішінде республика өмірінен маңызды орын алып, еліміздің тартымды орталығы және ұлттық мақтанышына айналған елордамыз біздің рухымыз, мақтанышымыз және күш-қуатымыз.Флешмобқа мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Ф.Өлмесеков, «Нұр Отан» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ.Нұрымова, Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.С.Қасымбаева құттықтау сөз сөйлеп, №1,№4,№5 Күршім орта мектебінің, №3 Күршім гимназиясының 9-10 сынып оқушылары қатысты. Флешмобта 100-ден  астам оқушылар болды
 
: