OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяЖаңа әліпбиді үйренеміз!

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

05 маусым күні Күршім ауданы, Марқакөл ауылдық кітапханасында «Латын тілін үйренейік!» -бейнесабақпен таныстыру  өтті. 
Бейнесабаққа ауылдың тіл мамандары, балабақша, ауылдық әкімшілік қызметкерлері ,әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Қатысушылар өз тараптарынан аса қызығушылық танытып,  кейбір сөздерді қағазға  латынша жазып үйренді. «Болашақта тіл  мамандары үшін жаңа әліпбиді оқып-үйрену туралы кез-келген ақпаратты алу, үйрену аса маңызды.  Латын әліпбиіне көшу туралы бағдарламаны іске асыру бұл тек қазақ тілі мамандары емес, жалпы халық болып атқаратын іс.Сондықтан қолдап, үйренуге ат салысуымыз керек. Ол үшін осындай бейне- сабақтар, қосымша  материалдар өте қажет-ақ.»,-деп әлеуметтік қызметкер Баяндинова С өз пікірін білдірсе,балабақша қызметкері Слямова А., жас ана Әлімбаева А. : «Бейнежазба сабағы өте қажет екен, тіл маманы Анар Фазылжанова өте жатық, қарапайым тілмен түсіндірді»деп өз пікірін білдірді.  Қазір бұл жұмыс басталып та кетті, қарапайым мысал, қазір қарасақ мерзімді басылымдар атаулары латын әліпбиінде жазылуда. Облыстық кітапханадағы осындай жаңа әліпбиді оқып үйрену орталығының ұйымдастырылуы, бейне сабақтың өткізілуі  өте жақсы, өте  қажет,-деп шараға қатысушы  басқа да оқырмандар өз тілектерін білдірді.
05 06 terekty1 05 06 terekty2 05 06 terekty3
 
: