OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Вы здесь: ГлавнаяБүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті

facebook1 twiter1 instagram vk1 youtube1

Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Наш Абай
Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С. Пушкина
esim
Краеведение Восточного Казахстана
link

ifla

Мы - члены Международной Федерации Библиотечных Организаций

IMG 2677Үстіміздегі жылдың 13-14 қыркүйегінде Алматы қаласында Ұлттық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» тақырыбында Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті. 20 жылда алғаш рет кітапханашылар III съезге жиналып отыр. Кітапханашылар, қоғам белсенділері мен мемлекет өкілдері кітапхана мәселесін талқылау үшін бас қосты.

   Съезге 182  қазақстандық делегаттар, 15 шетелдік қатысушылар, оның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының жетекшілері мен мамандары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы, БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да үкіметтік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандары қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан съезге 20 кітапхана мамандары қатысты,олар облыстық. қалалық,аудандық,ауылды және жоғары оқу орны кітапханашылары мен облыстық техникалық кітапхана мамандары. Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Б.С.Әйтімова, белгілі ақын  О.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, төраға кеңесшісі А.Шужеева, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлиев., Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Д.Дербісәлі, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры В.В.Дуда, Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Р.С.Мотульский, АҚШ Конгресінің кітапханасының түрік тілдерінің маманы М.И.Назарова барша қатысушыларды Кітапханашылар съезінің ашылуымен құттықтады. 

Бүкілқазақстандық съезд – түрлі аймақтық деңгейдегі көпшілік кітапханалардың, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындарының және мектеп кітапханаларының мамандары, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес серіктестік және ұқсас ұйымдардың еліміздегі кітапхана ісінің мәселелерін сапалы шешу, сапалы адами капиталын қалыптастыру тұжырымдамасын анықтау, республикадағы кітапхана қорын цифрландыру жолдары, ақпараттың қолжетімділігін заңнамалық қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-қимылдарды талқылайтын, ресурстар мен мүмкіндіктерді біріктіретін кәсіби диалог алаңы болды.
Съезд шеңберінде:

-          «Еліміздегі кітапхана  желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны»  тақырыбындағы пленарлық отырыс,

-          «Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел, «Қазақстанның цифрландыру контекстіндегі кітапханалар», «Заманауи кітапханалар: дәстүр және жаңашылдық»,

-          «Тәрбие және білім беру»: кітапханалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі, 

-          «Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарымен танысу», «Қазақстанның арнайы кітапханаларын сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту»

тақырыптарындағы  секциялық кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітапхана саласының жетекші шетелдік  мамандарының қатысуымен «Кітапхана қорларын қалыптастыру, бірыңғай жіктеу, қазақстандық кітапханаларды каталогтау және авторитеттік файлдар» тақырыбында фокус-тренинг, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхана (Астана қаласы) қауымдастығымен онлайн-кездесуі өткізілді.

Съезд аясында Шығыс Қазақстан А.С.Пушкин атындағы кітапхана Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана ұйымдастырған "Оқырманы озық өлке-Читающий регион" республикалық сайысының жеңімпазы атанды(конкурс материалдары) және үздік кітапханашы мамандар марапатталды. Біздің облыстан 10 кітапханашы «Кітапхана ісінің ардагері» және «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Съезд делегаттарының пікірлері:

Мязова Р.С. - ...Құжаттарды цифрландырумен айналысатын кітапхана мамандары авторлық құқық туралы заңның деректерді көшіру және цифрлау туралы бөлімін осы тақырыпқа ұқсас ресейдің заңнамасына сүйеніп қайта қарастыруды ұсынды. 

... кітапханашылардың Қазақстанда және шетелдерде үздіксіз білім алу үшін біліктілік деңгейін көтеруге арналған жүйе қалыптастырса деген ұсыныс білдірілді. Толығырақ

Амренова Г.Ф. - ... В секции «Библиотеки в контексте цифровизации Казахстана» было интересным выступление зам. директора Национальной Академической библиотеки г. Астаны Жолдыбалинова Н.Н по реализации Концепции культурной политики в РК и программы «Цифровой Казахстан», о необходимой, полной и оперативной оцифровке всего библиотечного фонда РК. Подробнее

Горбунова Д.Н. - ...одним из ярких событий второго дня пребывания в Национальной библиотеке РК была презентация книги молодого писателя Оксаны Акуловой «До сих пор больно…», участниками которой были те самые алматинцы -несовершеннолетние узники фашизма, рассказавшие в книге о своих воспоминаниях. Подробнее

Шаграева Э.С. - ...әсіресе Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі  Жолдыбалинов Нұржан Нурланұлының «Кітапханашылар күні» белгіленсе деген ұсынысын біздің кітапханашылар тарапы да қолдап, осы айтылған ұсыныс орындалса екен деген тілектерін білдіріп, сенім артты. Толығырақ

Сатаева Ф.И. -... я считаю, что библиотечный съезд является важным культурным событием, профессиональным форумом, дающим импульс и определяющим дальнейшую политику развития и модернизации библиотечной отрасли. Подробнее

Беркаринова А.К. - Что мне дал нового и полезного съезд библиотекарей

 

Крутина И.В. ... Для меня  библиотечный съезд является важным культурным событием, профессиональным форумом, дающим импульс и определяющим дальнейшую политику развития и модернизации библиотечной отрасли.Подробнее

Калиева К.Т.-... съездің берері мол болатына сенімдімін, өз қызметіме қажетті көптеген ақпараттар алдым. Толығырақ

syezd 1   syezd 2  syezd 3 syezd 4 
: