Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.01.2009 14:55:21


Қазақстан Республикасының

Бюджет Кодексі

 

МАЗМҰНЫ

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. Бюджет жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының  қолданылуы

3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет  жүйесінің  принциптері

5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер

 

2-тарау. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері

6-бап. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер

7-бап. Республикалық бюджет

8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері

9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті

10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет

 

3-тарау. Бюджет құрылымы

11-бап. Бюджет түсімдері

12-бап. Бюджет шығыстары

13-бап. Бюджет құрылымы

14-бап. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)

15-бап. Таза бюджеттік кредиттеу

16-бап. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)

18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)

 

4-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері

19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер

20-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану

 

5-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару

21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері

23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке  түсетін кепілдік берілген трансферт

25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес

 

6-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама

26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы

27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы

28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

32-бап. Бюджеттік бағдарламалар

33-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың шығыстарын сыныптау

41-бап. Мемлекеттік тапсырма

 

7-тарау. Бюджетаралық қатынастар

42 -бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері

44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер

46-бап. Нысаналы трансферттер

47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер

48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық

 

2-бөлім. Бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу

8-тарау. Республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасында бюджетке түсетін түсімдерді бөлу

49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер

52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер

 

9-тарау. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

54-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары

55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары

56-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары

 

10-тарау. Бюджеттік комиссиялар

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары

 

ЕРЕКШЕ  БӨЛІМ

3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері

60-бап. Бюджетті жоспарлаудың негіздері туралы жалпы ережелер

61-бап. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің  болжамы

62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары

63-бап. Операциялық жоспар

 

12-тарау. Бюджетті әзірлеу

64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

65-бап. Бюджет түсімдерін болжау

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

67-бап. Бюджеттік өтінім

68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді қарау

69-бап. Заттай нормалар

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

 

13-тарау. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері

74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының негізгі принциптері

77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау

78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау

79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет  туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары

 

14-тарау. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату

80-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз

81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу

 

4-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы

15-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

82-бап. Бюджеттердің атқарылуы туралы жалпы ережелер

83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы

 

16-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі

84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар

85-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары

 

17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар

86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот

87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары

88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары

89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары

 

18-тарау. Бюджетің атқарылуы

90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы

91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу

92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу

93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан  кепілдік берілген трансфертті тарту

94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу

95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері

97-бап. Төлемдерді және ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру

98-бап. Инкассолық өкім

99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері  бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру

100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру

101-бап. Бюджет ақшасын басқару

102-бап. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша бойынша атқару

103-бап. Қаржы жылының аяқталуы

104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

105-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі

 

19-тарау. Бюджетті нақтылау

106-бап. Бюджетті нақтылау

107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау

108-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау

109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау

 

20-тарау. Секвестр және бюджетті түзету

110-бап. Секвестр

111-бап. Бюджетті түзету

 

21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау

112-бап. Бюджеттік мониторинг

113-бап. Нәтижелерді бағалау

 

5-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін және оның еншілес ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алуының және қаржылық есептілігінің жүйесі

22-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты

115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың мен қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары

116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

 

23-тарау. Қаржылық есептілік

117-бап. Қаржылық есептілік

118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік

119-бап. Есепті кезең

120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну

 

6-бөлім. Бюджеттік есепке алу мен есептілік

24-тарау. Бюджеттік есепке алу

121-бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер

122-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу

123-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары

124-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері

125-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну

126-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп

 

25-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп

127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

128-бап. Қазақстан Республикасының  Парламентінде Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту

129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

 

26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп

133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау

134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту

 

7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау

27-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау туралы жалпы ережелер

135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау

136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі

137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары

138-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері

139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері

140-бап. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер

 

28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары

141-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті

142-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясының құзыреті

143-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті

144-бап. Ішкі бақылау қызметттері

145-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық  бақылау органдарының өзара іс-қимылы

 

29-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің негіздері

146-бап. Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері

147-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік

148-бап. Мүдделер қақтығысы

149-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, бақылау объектілері лауазымды адамдарының жауапкершілігі

150-бап. Дауларды шешу

 

8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар

30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау

151-бап. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер

152-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды жоспарлау

153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу

154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бюджет жобасына енгізудің тәртібі

155-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу тәртібі

156-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау

 

31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

159-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

 

9-бөлім. Концессиялық міндеттемелер

32-тарау. Концессиялық міндеттемелер

160-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер

161-бап. Концессиялық міндеттемелердің есепке алынуы және мониторингі

162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы және орындауы

 

33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері

163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы

164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу

165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы

 

10-бөлім. Гранттар

34-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар туралы жалпы ережелер

166-бап. Байланыссыз гранттар

167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

168-бап. Байланысты гранттарды тарту

 

35-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану

169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау

 

11-бөлім. Бюджеттік кредиттеу

36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері

171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер

172-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері

173-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері

174-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері

175-бап. Кредитор

176-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектісі ретіндегі  бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

177-бап. Қарыз алушылар

178-бап. Түпкілікті қарыз алушылар

179-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер)

 

37-тарау. Бюджеттік кредиттеу талаптары

180-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары

181-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі

182-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі

183-бап. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

184-бап. Сыйақы ставкасы

185-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілдері

186-бап. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі

 

38-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері

187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау

188-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі

189-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері

190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану

191-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету

192-бап. Бюджеттік кредитті өтеу

 

39-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру

193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау

194-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару

 

40-тарау. Талап қою мерзімінің өтуі, кредиторлар талаптарының тоқтатылуы  және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктің тоқтатылуы

195-бап. Талап қою мерзімінің өтуі

196-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы

 

41-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу

197-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау

198-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және есепке алу

 

12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі

42-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет  кепілгерлігі туралы  жалпы ережелер

199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

200-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары

201-бап. Мемлекеттік борыш

202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері

203-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару

204-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі туралы  мәліметтерді жариялау

 

43-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы

205-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары

206-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы

207-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуын шектеу

208-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету

 

44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету

212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы

 

45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш

213-бап. Мемлекеттік кепілдік

214-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу

215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

217-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу

218-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны

219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу

220-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы

221-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау

222-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру

223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері

224-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу

225-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық

 

46-тарау. Мемлекет кепілгерлігі

226-бап. Мемлекет кепілгерлігі

227-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруді шектеу

228-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға  үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеу

231-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны

232-бап. Мемлекет беретін кепілгерліктерді және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу

233-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау

234-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтатудың негіздері

235-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға қойылатын шектеу

236-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық

 

47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау

237-бап. Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермеу

238-бап. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау

239-бап. Дауларды шешу

 

3-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

48-тарау. Өтпелі ережелер

240-бап. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу

241-бап. Мәслихаттардың 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулысын әзірлеу

242-бап. 2009 жылы жергілікті бюджеттерді атқару тәртібі

243-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы жөніндегі жылдық есептер

 

49-тарау. Қорытынды ережелер

244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

245-бап. Қорытынды ережелер

 

Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

 

Жалпы бөлім

 

1-бөлім. Бюджет жүйесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кoдексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет

заңнамасының қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.

4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аваль – вексельдік кепілдік оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;

2) байланыссыз гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар;

3) байланысты гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;

4) байланысты грант туралы келісім – Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;

5) бақылау объектілері – бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

6) банк кепілдігі – қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде заем шарты бойынша өзінен тиесілі сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепілдік берілген заем бойынша берешекті өтеу жөнінде банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган алдындағы міндеттемесі;

7) бекітілген бюджет – Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

8) борышқа қызмет көрсету – белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;

9) борыш мониторингі – мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;

10) борышты өтеу – қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

11) бұзушылық – бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік);

12) бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

13) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

14) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

15) бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

16) бюджеттік инвестициялар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

17) бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

18) бюджеттік қамтамасыз етілу – тиісті бюджеттер қаражаты есебінен мемлекеттік басқару органдары ұсынатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құны;

19) бюджет қаражаты – мемлекеттің ақша және өзге де активтері, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер;

20) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

21) бюджеттік қатынастар – бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

22) бюджеттік операциялар – бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

23) бюджет процесі – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;

24) грант – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;

25) донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;

26) есепті қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

27) жергілікті атқарушы органның борышы – жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;

28) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті – Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін белгілеген жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы, жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиіс;

29) жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;

30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, қол жеткізу жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;

31) квазимемлекеттік сектор субъектілері – ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, басқа да акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қамтитын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымдар;

32) кезекті қаржы жылы – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;

33) келісімшарт жасасушы агент – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің тарабы;

34) концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

35) кірістерді бөлу нормативі – әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында кіріс түрлерін бөлудің проценттік арақатынасы;

36) Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

37) қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз процент қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

38) қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

39) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;

40) қаржылық есептілік – егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бақылау объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.

41) қарыз алу – тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау рәсімдері, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдіктері, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдері кіретін процесс;

42) қарыз беруші – мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды мемлекеттік кепілдікпен немесе мемлекет кепілгерлігімен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

43) қарыз шарты – қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;

44) қарызға қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы;

45) қарызды қайта құрылымдау – тараптардың келісімі бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуі;

46) мемлекет активтері – өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар;

47) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз – инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;

48) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы;

49) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сома, соның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін;

50) мемлекет кепілдік берген борыш – мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;

51) мемлекет кепілдік берген қарыз – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;

52) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру – мемлекеттік борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен өтеу;

53) мемлекеттік емес қарыз – Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;

54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

56) мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітіліп, тіркелген сома, соның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін;

57) мемлекеттік қарыз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;

58) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

59) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;

60) нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;

61) нәтиженің көрсеткіштері – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің, тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы;

62) негізгі борыш сомасы – қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;

63) өтеусіз қаржылық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді қаржыландыру үшін ақша беруі;

64) өтеусіз техникалық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;

65) өзара өтелетін операциялар – қосарланған есепті болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен басқасына берілетін, трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастаумен байланысты, мемлекеттік бюджетті және облыстың бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын операциялар;

66) сақтандыру шарты – қарыз алушы қарыз талаптары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;

67) сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы – нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы ставкасы немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;

68) сыртқы қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;

69) тікелей нәтиже – қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;

70) түпкілікті нәтиже – белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі);

71) үкіметтік борыш – Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;

72) үкіметтік борыш лимиті – тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс;

73) үкіметтік қарыздарды хеджирлеу – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз алудың тәуекелдерін (валюталық, проценттік және өзге де) басқару мақсатында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;

74) ішкі қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.

2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта аталмаған басқа да ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мәндерімен пайдаланылады.

Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары салаларының ұғымдары, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалары салаларында пайдаланылатын мәндерімен қолданылады.

Бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы ұғымдарының айқындамалары Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасы салалары ұғымдарының айқындамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.

 

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет

жүйесінің принциптері

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

1) бірыңғайлық принципі – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;

2) толымдылық принципі – бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

3) реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;

4) транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау;

5) дәйектілік принципі – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;

6) нәтижелілік принципі – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;

7) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;

8) сабақтастық принципі – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;

9) негізділік принципі – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау;

10) уақтылылық принципі – республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;

11) кассаның бірыңғайлық принципі – бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;

12) тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;

13) жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.

 

5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына

әсер ететін нормативтік құқықтық актілер

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.

2. Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілуі шартымен осы баптың 1-тармағында аталған актілер жобаларының ережелері, келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.

Егер оң қорытындылар ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген жағдайда, онда аталған ережелер қолданысқа жоспарланған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.

3. Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.

4. Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң қорытындысы болған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер, келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.

5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында аталған ережелер республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

6. Осы баптың 2-тармағында аталған ережелер кеден ставкаларының өзгеруін көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

 

2-тарау.

Бюджеттің түрлері мен деңгейлері

 

6-бап. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасында талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджеті жасалады.

Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың бюджетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

 

7-бап. Республикалық бюджет

1. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

 

8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері

1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.

2. Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.

 

9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті

1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.

 

10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет

1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

4. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.

 

3-тарау.

Бюджет құрылымы

 

11-бап. Бюджет түсімдері

1. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.

2. Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.

3. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

4. Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.

5. Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып табылады.

6. Бюджетке:

1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;

2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;

3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;

4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

7. Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.

8. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

9. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

10. Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.

 

12-бап. Бюджет шығыстары

1. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.

2. Шығындар қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты болып табылады.

3. Бюджеттік кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша болып табылады.

4. Қаржы активтерін сатып алу заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін және бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.

5. Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.

 

13-бап. Бюджет құрылымы

1. Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

трансферттер түсімі;

2) шығындар;

3) таза бюджеттік кредиттеу:

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

5) бюджет тапшылығы (профициті);

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.

 

14-бап. Республикалық бюджеттің мұнайға

қатысты емес тапшылығы (профициті)

1. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендегі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздар түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.

2. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық мақсатта пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы дамыту есебінен ұзақ мерзімді кезеңде мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері кемітілуге тиіс.

 

15-бап. Таза бюджеттік кредиттеу

Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

 

16-бап. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

1. Қаржы активтерімен операцияларға:

1) қаржы активтерін сатып алу;

2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер кіреді.

2. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

3. Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)

Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.

Tepіc белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады.

 

18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)

1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі;

Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.

2. Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады.

Бюджет профицитін пайдалану көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.

Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді.

 

4-тарау.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

жергілікті атқарушы органдардың резервтері

 

19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында құрылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіне:

1) төтенше резерв;

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;

4) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді.

3. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервіне:

1) төтенше резерв:

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;

4) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервті қамтиды.

4. Аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резервіне:

1) төтенше резерв;

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв кіреді.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.

6. Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын, тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен ағымдағы қаржы жылына республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде жүзеге асырылады.

Бір қаржы жылынан астам іске асыру мерзімімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ адам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына және олардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың зардаптарын жоюға байланысты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын және өзге де іс-шараларды жүргізу үшін шығындардың жалпы сомасы айқындала отырып және ағымдағы қаржы жылының сомалары және Қазақстан Республикасының Үкіметі кейінгі қаржы жылдарында қосымша шешім қабылдайтын сомалар көрсетіле отырып, Үкіметтің резервінен қаражат бөлінеді.

Төтенше резервтер мен соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервтерге көзделген қаражат жетіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы орган аталған резервтердің жоспарлы тағайындауларын Қазақстан Республикасының Үкіметінен немесе жергілікті атқарушы органның резервінен белгіленген тәртіппен шұғыл шығындарға арналған қаражатты қайта бөлу арқылы ұлғайтуға құқылы.

7. Ағымдағы қаржы жылының желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен шұғыл шығындарға және соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға ақша бөлуге жол берілмейді.

 

20-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану

1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне де пайдаланылуы мүмкін.

2. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарына арналған резерві сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін.

3. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау резерві соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.

4. Кезекті қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезекті қаржы жылына республикалық бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшін резерв көзделеді.

Келесі қаржы жылында бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін кредиттеу үшін кезекті қаржы жылына облыстық бюджетте резерв көзделеді.

Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге қарыз беру жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылау қажет етілмейді.

5. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе тиісті мәслихатқа республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

5-тарау.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын

қалыптастыру, пайдалану және басқару

 

21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

1. Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын қаржы активтері түріндегі, сондай-ақ, өзге де мүлік түріндегі мемлекет активтері болып табылады.

2. Материалдық емес активтерді, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерін және өзге де мүліктерді жинақтауға арналған.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

Материалдық емес активтерді және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қоспағанда, жинақтау функциясы қаржы активтері мен өзге де мүліктің жинақталуын қамтамасыз етеді.

Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі және жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялары бойынша есепке алу мен есептілік ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.

Сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырады.

 

22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер:

1) мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға:

корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы;

пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлестер;

экспортқа рента салығы;

өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;

2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);

3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.

3. Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторы ұйымдарына жатады.

Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.

4. Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады.

 

23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепілді трансферт түрінде;

2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеткe берілетін нысаналы трансферттер түрінде;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

2. Материалдық емес активтерді қоспағанда:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;

3) тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кірістілігінің жоғары деңгейін;

4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастырылады.

3. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындайды.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланыла алмайды.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды.

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.

 

24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферт

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарымсыз түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт болып табылады;

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.

Үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

3. Есепті қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.

4. Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.

 

25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық - кеңесші органы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

 

6-тарау.

Бірыңғай бюджеттік сыныптама

 

26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы

1. Бірыңғай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсімдері мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.

2. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.

3. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде жасалады.

4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы

Бірыңғай бюджеттік сыныптама:

1) бюджет түсімдерінің сыныптамасын;

2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;

3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

 

28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негізделген белгілі бір сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.

Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыруды көрсетеді.

Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады.

Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды.

 

29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

1. Функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:

функционалдық топтар;

функционалдық кіші топтар;

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;

бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар).

3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

 

30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

1. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.

Санат шығыстарды экономикалық белгілері бойынша топтастырады. Сынып және кіші сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.

3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.

2. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.

3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.

4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады.

6. Әкімдердің және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

8. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері осы әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары болып табылады.

 

32-бап. Бюджеттік бағдарламалар

1. Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.

3. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік принциптеріне негізделе отырып әзірленеді.

Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер көрсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс.

4. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін.

Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оны алушылардың талабына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына сәйкестігінің деңгейін көрсетеді.

Тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсетеді.

5. Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

 

33-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:

мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;

трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;

бюджеттік кредиттер беруге;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;

күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;

мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.

2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар:

1) республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламаларға;

2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларға;

4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:

1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;

2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.

Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады.

 

34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген функцияларға, өкілеттіктерге негізделген, бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің сипаттамалары кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету талаптарын айқындайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын орталық мемлекеттік органдар әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Мемлекеттік қызметтерді алушыларды, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды және олардың басқа да сипаттамалары көрсетіле отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылатын тізбесінен тұратын нормативтік құқықтық акті мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін білдіреді.

4. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын айқындау кезінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары пайдаланылады.

5. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетудің мазмұны көрініс табуға тиіс.

6. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.

 

35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;

2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;

3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.

2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады.

3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа да тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады.

5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік кредиттер:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;

3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына;

4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталады.

 

37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік инвестициялар бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

 

38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Күрделі шығыстарға, бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны құруға не нығайтуға, күрделі жөндеуді (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.

 

39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;

қарыз алушының қарыз шартында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

халықаралық ұйымдарға үлестік жарналар;

мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау;

мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.

 

40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстарын сыныптау

Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар:

мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ бойынша жіктеледі.

 

41-бап. Мемлекеттік тапсырма

1. Мемлекеттік тапсырма жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаларға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа да міндеттерді орындауға арналған тапсырыс болып табылады.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасалып, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік тапсырманы, республиалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін және мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаны жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

7-тарау.

Бюджетаралық қатынастар

 

42 -бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

1. Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

2. Бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына жол берілмейді.

3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі.

4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығына және ашықтығына негізделген.

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

6. Осы Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде, есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді.

Тек осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ғана шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен басқасына беру жүзеге асырылады.

7. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.

8. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.

 

43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:

1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі;

2) аражігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:

тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі;

мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;

қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;

нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;

4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі – мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекіту;

6) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату – алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.

 

44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

1. Бюджетаралық қатынастар:

1) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында:

трансферттермен;

бюджеттік кредиттермен;

2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

трансферттермен;

бюджеттік кредиттермен;

кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

2. Бюджет деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлінеді.

3. Нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың тек қана нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.

4. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік қаржылық бақылау органының актісіне сәйкес осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде қайтарылуға тиіс.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінгендерін қоспағанда, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.

Облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінгендерін қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.

6. Нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда жергілікті атқарушы органдар үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша олардың нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.

 

45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер

1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.

2. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

3. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қою болып табылады.

4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі:

Қазақстан Республикасының заңымен — республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында;

облыстық мәслихаттың шешімімен — облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасында абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге белгіленеді.

Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі әрбір үш жыл сайын өзгертілуге жатады.

5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін осы Кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

6. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

7. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

8. Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындарының болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджетке жергілікті бюджеттен бюджеттік алып қою белгіленеді.

Жергілікті бюджет шығындардың болжамды көлемі кірістерінің болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.

9. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.

10. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің есеп-қисабы кезінде жоспарлы кезеңде жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, жергілікті атқарушы органның борышын өтеудегі шығындар ескерілмейді.

11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

46-бап. Нысаналы трансферттер

1. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды немесе бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттері, сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолдынылуы кезеңінде мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілерді қабылдаудан туындайтын, жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бөлінетін трансферттер нысаналы трансферттер болып табылды.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисабы кезінде ескерілмейтін, ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттері ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.

3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде:

1) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

2) экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруға арналған іс-шараларды төмен тұрған мемлекеттік органдардың орындауы үшін жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.

Іске асырылуы үшін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлінетін жергілікті инвестициялық жобаларды жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға жол беріледі

4. Төмен тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлем негізділігін растайтын дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша құжаттары болған кезде және төмен тұрған бюджеттер арасында нысаналы трансферттердің жалпы сомаларын бөлуді бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер, тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударады.

Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен тұрған бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде аударады

5. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім:

шешілуіне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді;

нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкі нәтижелерді;

қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы төмен тұрған бюджеттің жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісіне есеп ұсынуы туралы міндеттемені қамтитын құжат болып табылады.

6. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей жасалады.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер облыстық бюджеттер, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.

7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына есеп береді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне есеп береді.

8. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер

1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.

2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер осы Кодекске сәйкес беріледі.

 

48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық

Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) әкімі және жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің уақтылы жасалмағаны үшін жауаптылықта болады;

жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауаптылықта болады;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауаптылықта болады.

 

2-бөлім. Бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу

 

8-тарау. Республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері арасында бюджетке түсетін түсімдерді бөлу

 

49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар:

1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;

2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;

4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;

5) ойын бизнесі салығы;

6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;

7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;

8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;

9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;

10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;

11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;

12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;

13) жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;

14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;

15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны) үшін алым;

16) дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;

17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;

18) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың мемлекеттік тіркелгені үшін алым;

19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшін төлемақы;

20) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

23) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;

26) кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін түсімдер;

27) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;

28) консулдық алым;

29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшін мемлекеттік баж;

30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;

31) жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

32) механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

33) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынатын мемлекеттік баж;

35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;

36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;

37) механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.

2. Мыналар:

1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:

республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;

республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;

республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Yкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар;

республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;

республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;

5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.

3. Мыналар:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;

2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;

3) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

4. Мыналар:

1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.

5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.

 

50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;

4) облыстық маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым;

5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.

2. Мыналар:

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;

облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;

облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;

облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;

5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.

3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

4. Мыналар:

1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттер;

2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.

5. Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, oблыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер облыстық бюджет есебіне жазылады.

 

51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер

1. Мыналар:

1) жеке табыс салығы;

2) әлеуметтік салық;

3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салық;

4) жер салығы;

5) бірыңғай жер салығы;

6) көлік құралдарына салық;

7) тіркелген салық;

8) мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

9) жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

11) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;

12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

14) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

15) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

16) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

17) аукциондардан алым;

18) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым;

19) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;

20) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

21) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

22) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

23) қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне салық түсімдері болып табылады.

2. Мыналар:

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінен түскен түсімдер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялар кірістерінен түсетін түсімдер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;

3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;

5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне басқа да салықтық емес түсімдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады.

3. Мыналар:

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне трансферттердің түсімдері болып табылады.

5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің есебіне жатқызылады.

 

52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер

1. Мыналар:

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық;

4) жер салығы;

5) бірыңғай жер салығы;

6) көлік құралдарына салық;

7) тіркелген салық;

8) мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

9) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

10) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

11) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

12) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

13) аукциондардан алым;

14) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

15) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

16) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

18) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері болып табылады.

2. Мыналар:

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетуді) өткізуінен түсетін түсімдер;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;

5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне салықтық емес түсімдер болып табылады.

3. Мыналар:

1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

4. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне трансферттердің түсімдері болып табылады.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне есептеледі.

 

9-тарау. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу

 

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;

Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;

сайлаулар мен референдумдар өткізу; республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

салық қызметі органдарының қызметі; республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттердің атқарылуы бойынша есептілікті жасау; республикалық меншікті басқару;

сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді және конкурстық іс қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді ұйымдастыру;

мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

мемлекеттік қаржы бақылауы және қаржы мониторингі;

кеден қызметі;  мемлекеттің сыртқы саяси қызметі;

іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу; мемлекеттік статистикалық есеп;

мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру; ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлі қызмет салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау;

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу;

саяси партиялардың қызметін қаржыландыру;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;

мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес;

мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;

жаhандық, өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;

азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастр жүргізу;

экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметі;

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:

әділет саласындағы қызмет;

азаматтардың және мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау;

заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;

сот сараптамасы қызметі;

сот жүйесінің жұмыс істеуі;

қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) білім беру:

республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;

республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді мамандар даярлау;

республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерінде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

5) денсаулық сақтау:

жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;

республикалық деңгейде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;

республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;

психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететін адамдарға медициналық көмек көрсету;

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;

ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;

айрықша қатерлі жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимыл;

республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру;

санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;

6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына  сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері;

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінде  көзделген әлеуметтік көмек;

әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;

саяси қуғын-сүргін құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасы ның заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік төлемдер;

көші-қон іс-шаралары;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

қазақтың ұлттық мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениеттерді қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

республикалық маңызы бар театр және музыка өнерін, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;

мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу;

халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерінің дамуын қолдау;

жоғары жетістіктер спортын дамыту;

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарға дайындығы және қатысуы;

халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және тарату;

республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық кітапханалардың жұмыс істеуі;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесін қамтамасыз ету;

судың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын жүргізу;

су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;

республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау;

республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік мониторингі;

орман шаруашылығын жүргізу;

орман тұқым шаруашылығы және селекция;

мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу;

ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;

балық ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өсімін молайту;

балық аулауды мемлекеттік реттеу және балық қорларын қорғау;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;

қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі;

республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;

І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

қоршаған ортаға эмииссияға І санат объектілері үшін рұқсат беру;

гидрометеорологиялық мониторинг;

республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;

мемлекеттік жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу;

топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;

жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның ішінде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлі жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;

ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқап көру, сондай-ақ шағым жасалған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау;

фитосанитариялық мониторинг;

карантиндегі өнімнің зертханалық сараптамасы және егіс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;

карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;

қорымен қоса, пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетуді сатып алу;

мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және ауыстыру;

аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу;

сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;

ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру және басқару;

ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;

агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелестік нарығында жоқ немесе жеткіліксіз көрсетіліп келген қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін ұсыну;

агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;

екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;

ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарық жүйелерін дамыту;

өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау;

өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;

суармалы жерлерді мелиоративтік жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу;

9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:

мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру;

отын-энергетика кешенін дамыту;

энергияны үнемдеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингі;

мемлекеттік геологиялық зерттеу;

геологиялық ақпаратты қалыптастыру;

кеніштер мен шахталарды жабу және жою, техногендік қалдықтарды көму;

республикалық маңызы бар мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзірлеу;

10) көлік және коммуникациялар:

халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

су көлігі қызметін ұйымдастыру және реттеу;

кеме қатынасы жолдарын, шлюздерді күтіп-ұстау және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;

әуе және су көлігін мемлекеттік реттеу;

әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

магистралды темір жолдарды дамыту;

аэроғарыш қызметі;

радиожиілік спектрі мен радиоэлектронды құралдар мониторингі;

11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метрология және сертификаттау;

патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау; мемлекеттік инновациялық саясат;

мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау;

саудалық және демпингке қарсы реттеу; бәсекелестікті дамыту және қорғау;

бағаны және табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу;

шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау;

12) басқа да бағыттар:

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне трансферттер;

үкіметтік борышқа қызмет көрсету және өтеу;

мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;

үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар;

мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерін орындау.

2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;

2) бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми-зерттеулерге және осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және орталық мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары, мемлекеттік қызметтер көрсетудің заттай  нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

 

54-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары

1. Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

облыстық деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс іcтeуі;

облыс деңгейінде мемлекеттік жоспарлау;

облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

облыстық коммуналдық меншікті басқару;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;

облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары;

облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету бойынша жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;

азаматтық, көшіп кету және көшіп келу, шетелдіктермен жұмыс мәселелері және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;

уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарды, белгілі тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының, арнайы қабылдау орындарының жұмыс істеуі және әкімшілік қамауға алынған адамдарды, қызметтік жануарларға арналған питомниктерді күтіп-ұстау;

мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәлігінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктері бланкілерін дайындау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметін қамтамасыз ету;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне- конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесіне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерін көрсетуге ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу;

3) білім беру:

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;

облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау;

балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту;

мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;

облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткізу;

жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;

әдістемелік жұмыс;

4) денсаулық сақтау:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу;

жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;

5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;

6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

елді мекендерді газдандыру;

облыстық коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;

мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;

республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;

облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткізу;

жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;

жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу;

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

облыстық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;

арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;

бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;

коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

суды қорғау аймақтарын, су объектілері белдеулерін белгілеу;

облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;

облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау;

ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;

қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар өткізу;

ІІ, ІІІ, ІV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

ІІ, ІІІ, ІV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру;

жануарлар дүниесін қорғау;

облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;

инновациялық тәжірибені тарату және қолданысқа енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу;

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру және бақылау;

10) көлік және коммуникациялар:

әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

11) экономикалық қызметті реттеу: кәсіпкерлік қызметті қолдау;

12) өзге де бағыттар:

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне трансферттер;

республикалық бюджетке трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оларды өтеу;

жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау.

2. Сонымен қатар, облыстық бюджеттерден:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға;

2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген облыстың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметіне және қызмет түрлерінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары, мемлекеттік қызметтер көрсетудің заттай нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

 

55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары

1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының жұмыс істеуі;

республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жоспарлау;

республикалық мңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігін басқару;

салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғанысы;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

қалалық ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс іс-шаралары;

уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарды, белгілі тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының, арнайы қабылдау орындарының жұмыс істeуі және әкімшілік қамауға алынған адамдарды, қызметтік жануарлар питомниктерін күтіп-ұстау;

елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі;

азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелері, шетелдіктермен жұмыс және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;

мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәлігінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктері бланкілерін дайындауды қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметін қамтамасыз ету;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының көрсетілетін коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу;

3) білім беру: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

оқудың кешкі (ауысымдық), оның ішінде интернаттық ұйымдар арқылы ұсынылатын нысанын қоса алғанда, міндетті жалпы орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру;

арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру;

мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;

республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізу;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлау;

жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;

балалар үшін қосымша білім беру;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;

мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

мектепке дейінгілерді қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;

4) денсаулық сақтау:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес вакциналар, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттар сатып алу;

жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;

5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:

тұрғын үй көмегі;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;

мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;

он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

тұрғын үй қорын түгендеу;

Қазақстан Республикасының  заңнамалық  актілеріне  сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

елді мекендерді газдандыру;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау;

жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;

мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу;

республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;

жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу;

жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;

8) агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;

ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмінділерін (биотермиялық орлар) жасау мен оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;

бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың су құбырларын салу және реконструкциялау;

су қорғау аймақтарын, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау белдеулері мен аймақтарын белгілеу;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерін қалпына келтіру;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;

қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар өткізу;

ІІ, ІІІ, ІV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

ІІ, ІІІ, ІV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру;

республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;

елді мекендерді жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру және бақылау;

10) көлік және коммуникациялар:

әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастар бойынша жолаушы тасымалын ұйымдастыру;

қалалардың көшелерін, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

11) экономикалық қызметті реттеу:

кәсіпкерлік қызметті қолдау;

12) басқа да бағыттар:

республикалық бюджетке трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;

жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау.

2. Сол сияқты, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша шығыстарына;

2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызмет бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары көрсетілетін мемлекеттік қызметтің заттай нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

5. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның шығыстары көзделеді:

1) қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;

3) мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

4) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

5) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

6) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

8) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

9) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру.

 

56-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;

аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

аудандық (қалалық) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;

аудандық (қалалық) деңгейдегі коммуналдық меншікті басқару;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

3) білім беру:

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

кешкі (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;

аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткізу;

мектепалды дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;

балалар үшін қосымша білім беру;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

мектепке дейінгілерді қоспағанда, білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет ету;

оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;

4) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:

тұрғын үй көмегі;

үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін - ымдау тілінің мамандарын ұсыну;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғау жөніндегі шаралар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

тұрғын үй қорын түгендеу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен жер учаскелерін алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар;

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

6) мәдениет және спорт:

жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі;

хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту;

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу;

облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жүргізу;

7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:

мал шаруашылығында мал көмінділерін (биотермиялық орларды) жасау, күтіп-ұстау;

ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;

алынатын және жойылатын ауру малдардың, малдан алынған өнімдер мен шикізат құнын иелеріне өтеу;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;

8) көлік және коммуникациялар:

аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

кент ішіндегі (қала ішіндегі) және аудан ішіндегі қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

9) экономикалық қызметті реттеу:

кәсіпкерлік қызметті қолдау;

10) өзге де бағыттар:

облыстық бюджетке трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.

2. Сол сияқты, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға;

2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заттай нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің шығыстары көзделеді:

1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

5) ауылдық (селолық) жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін тегін алып баруды және қайта алып келуді ұйымдастыру;

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

12) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.

 

10-тарау.

Бюджеттік комиссиялар

 

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.

 

58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті

Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:

1) әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлердің болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.

 

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары

1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттік комиссияның мүшелері кіреді.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган тиісінше бюджеттік комиссиялардың жұмыс органдары болып табылады.

3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.

 

Ерекше бөлім

 

3-бөлім.

Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

 

11-тарау.

Бюджетті жоспарлау негіздері

 

60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

61-бап. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және:

1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде – макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде – өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын;

3) үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын қамтитын құжат болып табылады.

2. Бюджеттік параметрлердің болжамы:

1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:

Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын;

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:

өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын;

жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуға тиіс.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.

4. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджеттік параметрлердің болжамы индикативтік сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгерістері, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау, басқа да ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып, кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлеу кезінде нақтылауы мүмкін.

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын, жылжымалы негізде әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді.

6. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

 

62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары

1. Мемлекеттік органның жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді.

2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бюджеттік бағдарламаларға кіретін мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып табылады.

3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемінің шегінде әзірленеді.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға бекітеді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті салалық атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

6. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары тиісті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін пысықталады, бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:

1) бюджет нақтыланған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері өзгерген;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған, не қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;

4) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген жағдайларда жол беріледі.

8. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бекітілген күннен бастап екі апта мерзімде мемлекеттік органдардың басшылары меморандумдар әзірлейді.

Меморандум мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын құжатты білдіреді.

Меморандумдарды:

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін не оған бағынатын орталық атқарушы органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

Мемлекеттік органның меморандумы кезекті қаржы жылына бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар меморандумдарды бекітпейді.

 

63-бап. Операциялық жоспар

Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітеді.

 

12-тарау.

Бюджетті әзірлеу

 

64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

1. Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

65-бап. Бюджет түсімдерін болжау

1. Бюджет түсімдерін болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Өтеусіз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде бюджет түсімдерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.

3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:

1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;

2) өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді;

3) бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

2. Нәтижелерге бағалау жүргізілген жағдайда осы бапта аталған құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.

3. Осы бапта аталған құжаттар ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін беріледі.

 

67-бап. Бюджеттік өтінім

1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.

3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың шығыстары базалық шығыстар болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетулер тізіліміне сәйкес мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа да міндеттемелерімен байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.

5. Жаңа бастамалар шығыстарына:

кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;

макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.

6. Бюджеттік өтінімге:

1) стратегиялық жоспар жобасының құрамына енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар;

2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;

3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өз билік етулерінде қалатын, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;

5) түсіндірме жазба;

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.

7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет түсімдерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.

8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.

Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады.

9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі бағыттарын, мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негізділігін, нәтижелердің қол жеткізілген көрсеткіштерінің талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік өтінімнің құрамына енгізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерін қамтиды.

10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.

11. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында көзделген бюджеттік қаражаттың көлемі шегінде енгізеді.

12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді қарау

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамына, бюджеттік және өзге де заңнамасына, мемлекеттік қызметтің қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарау нәтижелері бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне пысықтауға қайтарады.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктер бюджеттік комиссияда қаралады.

Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын стратегиялық жоспарлардың жобаларымен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың қорытындыларымен өзара байланыста қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспарларды бюджеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес келтіреді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік өтінімдердің жобаларын ұсынады.

 

69-бап. Заттай нормалар

1. Заттай нормалар — қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.

2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

1. Білім беру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жазылуға тиіс.

2. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

Қазақстан Республикасы Yкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

4) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және процентпен көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.

 

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:

1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)” бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсімдер көлемі;

4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсімдер көлемі;

4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

13-тарау.

 Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері

 

74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын;

2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;

3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

4) республикалық бюджет жобасында енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту  туралы жалпы ережелер

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;

3) жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының негізгі принциптері

1. Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:

1) негізділік принципі;

2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.

2. Негізділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу, оларға тиісті есеп-қисаптар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі және мемлекеттік органдар қызметінің олардың стратегиялық жоспарларында көзделген мақсаттарын, міндеттерін және нәтижелерінің көрсеткіштерін түзету жөніндегі ұсыныстардың қажеттігі жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.

3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.

 

77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау

Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамалары кіреді.

 

78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау

1. Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.

2. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді.

4. Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

5. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылауға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамының (адамдарының) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдарының жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамалары кіреді.

 

79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және  жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап екі апта мерзімде қабылданады.

Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті орган әзірлейді.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде, жергілікті атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмаларды көздейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына:

1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;

2) объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

3) объектілер бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;

4) нысаналы даму трансферттері және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттеу есебінен қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетілген мемлекеттік тапсырмалар тізбесі;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне айқындау жүктелген, республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына:

1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;

2) объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

3) объектілер бойынша жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;

4) облыстық бюджеттен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне нысаналы даму трансферттері және бюджеттік кредиттеу есебінен қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

5) жергілікті атқарушы органға айқындау жүктелген, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.

3. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Yкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған күннен бастап он күн ішінде бекітіледі.

Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.

 

14-тарау.

Төтенше Мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату

 

80-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болған жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу үшін негіз болып табылуы мүмкін.

3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.

 

81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу

1. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы қабылданған күнгі жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген, нақтыланған, түзетілген көрсеткіштерін және олардың кассалық атқарылуын ұсынады.

2. Тиісті мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

4. Республикалық бюджеттік комиссия осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Төтенше мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасына:

1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет;

2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген және төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.

Төтенше мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.

 

4-бөлім.

Бюджеттің атқарылуы

 

15-тарау.

Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы  ережелер

 

82-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

1. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.

3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты  қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

5. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады.

Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді.

7. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.

8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы

Бюджеттің атқарылуын реттейтін осы Кодекстің ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.

 

16-тарау.

Бюджеттің атқарылу процесі

 

84-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар

Мыналар:

1) осы Кодекс;

2) республикалық бюджет туралы заң және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі;

3) республикалық қаржы жоспары туралы жарлық және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Yкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық немесе жергілікті бюджеттерді атқару барысында қабылдайтын шешімі;

6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

7) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер;

8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;

10) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары;

11) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.

 

85-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары

1. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді бюджетті атқару жөніндегі тиісті орталық және жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде ақшалай түрдегі міндеттемелердің ай сайынғы көлемін айқындайтын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің өздері қабылдайтын міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады.

3. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың теңгерімделген ай сайынғы жоспарын айқындайтын құжат болып табылады.

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделген болуға тиіс, ол жыл басынан бергі өспелі жиынымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың асып кетуіне жол бермеуді білдіреді.

4. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары және кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша жасалатын, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарынан және функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады.

Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің қарқынын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын талдауды және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемі бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды.

Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті жеке бюджеті қаражатының ай сайынғы көлемін айқындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады.

Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бюджеттің бекітілген (нақтыланған) түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес болуға тиіс.

5. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы жөніндегі мемлекеттік мекемелер әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекіту және әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі.

6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары бойынша шығыстардың жинақталған сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес болуға тиіс.

7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі операциялық жоспарды уақтылы іске асыру мақсатында айлар бойынша жоспарлы тағайындауларды бөлуді қамтамасыз етеді.

8. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналып әзірленеді және бекітіледі.

9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне және бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін өзгерістерді міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына дербес енгізуге құқылы. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерінің өзгерістері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді жүзеге асырады.

10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

17-тарау.

Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар

 

86-бап. Бірыңғай қазынашылық шот

1. Бірыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ұлттық валютамен ашылады.

Бірыңғай қазынашылық шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен ашылады.

2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша  қалдықтарын қамтиды.

 

87-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетел валютасындағы шоттары

Операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен шетел валюталарының түрлері бойынша шоттар ашады.

 

88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары

1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:

1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке алуға және республикалық және жергілікті бюджеттердің  шығыстарын жүргізуге;

2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аударуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес  мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (демеушілік, қайырымдылық көмек шоты);

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақшаны есепке алуға;

6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргізуге пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.

2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақшаның түсімдері және жүргізілген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

Демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасының бақылау шоттары ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсімдер мен жүргізілген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.

3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.

4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

89-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары

1. Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:

1) мемлекеттік мекеменің шетел валютасымен операциялар жүргізуі үшін оған валюталардың түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашатын шетел валютасындағы шот;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шартта немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған, екінші деңгейдегі банкте шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты;

3) ұлттық (шетелдік) валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына арналған шот;

4) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты.

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

18-тарау. Бюджеттің атқарылуы

 

90-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы

1. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.

2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы:

1) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды;

2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді;

3) бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.

 

91-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу

1. Бюджетке түсетін түсімдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетін түсімдердің сыныптамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады.

2. Бюджетке шетел валютасымен түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валютасымен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шотына есепке жазылған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан  шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу

1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.

2. Түсімдерді бөлу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджеттің түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында  бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.

 

93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен:

1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжам және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.

 

94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу

1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке алуды бюджетті атқару  жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу:

1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес түсімдердің тізбесі бойынша салық органдарының қорытындылары негізінде;

2) салық органдары әкімшілік жасайтын негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің алынуына жауапты уәкілетті органдардың қорытындылары негізінде берілген салық органдары табыс еткен төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.

2. Бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік жасайтын түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуына  мониторингті жүзеге асырады.

Осы қорытындылардың дұрыстығын және олардың берілу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.

3. Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды.

4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

Қорытындылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша ұсынылады.

5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

95-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

1. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.

2. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.

3. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.

 

96-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері

1. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты болады.

4. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы келісім шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.

5. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарының базалық шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде:

1) іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына;

2) технологиялық дайындау мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) беруді негіздейтін активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен  қызметтер көрсетуге;

4) аяқталу мерзімі келесі қаржы жылы басталатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын қызметтер көрсетуге;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметі  резервінің қаражаты есебінен бір қаржы жылынан астам іске асырылу мерзімінде іс-шаралар өткізуге байланысты тіркелуге жатады.

Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркелуге жатады.

6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу күнгі нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.

7. Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.

8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бюджет ақшасын бөлу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін тіркеуге жол берілмейді.

9. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

97-бап. Төлемдерді және ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру

1. Төлемдер мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлеуге берілетін шоттар негізінде жүзеге асырылады.

2. Төлеуге берілетін шот бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үшін ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруға негіз болып табылатын мемлекеттік мекеменің құжатын білдіреді.

3. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар шегінде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомасының және шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі.

4. Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілесіз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге жол берілмейді.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

5. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі:

төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;

тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге;

бірыңғай бюджеттік сыныптамаға;

төлемдерді жүргізу кезінде толтырудың  нысаны, толықтығы және дұрыстығы бойынша төлеуге берілетін шоттардың Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруге саятын төлемдерді төлеу кезіндегі ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.

Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша түпкілікті төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

6. Мемлекеттік мекеме:

төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін;

төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын;

ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;

жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын;

тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша түпкілікті төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың табыс етілуін қамтамасыз етеді.

7. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) беру арқылы өтелуге не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.

8. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы, бюджетті атқару жөніндегі заңнамасы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.

9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

98-бап. Инкассолық өкім

1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты  атқарушылық құжаттарды мемлекеттік мекеменің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатын білдіреді. Инкассолық өкім мемлекеттік мекеме төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.

Инкассолық өкім атқару парағы немесе соттың шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген бұйрық немесе ақшаны өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және салық қызметінің органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.

2. Инкассолық өкім ұсынылатын мемлекеттік мекеменің қызмет көрсету орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.

Инкассолық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқарушылық құжаттың түпнұсқасын не салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған осы құжаттың көшірмесі қоса тіркеліп, беріледі.

Инкассолық өкімде көрсетілген сома атқарушылық құжатта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.

Инкассолық өкімде мемлекеттік мекеменің ол бойынша осы өкімнің орындалуы талап етілетін коды көрсетіледі.

3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау және ақшаны уақытша орналастыру шоттарына ұсынуға жол берілмейді.

Инкассолық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодында, ақылы қызмет көрсету мен демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарында жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

5. Инкассолық өкімдерді орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру

1. Мемлекеттік мекемелер төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.

Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған  айырбасталатын күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік мекеме валюталардың түрлері бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.

Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының кодына шетел валютасы айырбасталған ұлттық валютадағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қайта айырбасталуға тиіс.

3. Мемлекеттік мекеме айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.

4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру

1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімде:

1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген;

2) инкассолық өкімдерді ұсынған;

3) егер мемлекеттік мекеме айырбасталған шетел валютасының пайдалану мерзімі біткеннен кейінгі келесі жұмыс күні айырбасталған шетел валютасының мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімді жүзеге асырмаған;

4) егер жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит сомасын оны бөлген жоғары тұрған бюджетке кредит шартының талаптарында көзделген мерзімде қайтармаған;

5) секвестр жағдайларында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.

2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің төлемдерін жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру:

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару, банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;

3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған айырбасталған шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау рәсімі аяқталғанға дейін;

4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оны бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;

5) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, секвестр көзделіп отырған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын қысқарту туралы тиісті бюджет комиссиясы ұсыныс шығарған күннен, келесі жұмыс күнінен бастап, өзгерістер енгізілетін шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

 

101-бап. Бюджет ақшасын басқару

1. Бюджет ақшасын басқару бюджетке түсетін түсімдердің мерзімдеріне сәйкес төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді.

2. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

4. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:

бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің  болжамын жасайды;

тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді.

5. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражаты  қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша профициті болып табылады.

Түсуі күтілетін немесе жүргізілген төлемдер көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуі күтілетін немесе түсетін нақты түсімдердің және бюджет қаражаты қалдықтарының көлемінен асып түсуі қолма-қол ақша тапшылығы болып табылады.

6. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қолма-қол ақшаның тапшылығын жабу қарыз алу не түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу есебінен жүзеге асырылады.

7. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша профициті болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган уақытша бос бюджет ақшасының көлемін айқындайды.

Ағымдағы қаржы жылының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдаланылмайтын бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша уақытша бос бюджет ақшасы болып табылады.

Уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс алу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.

Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттардағы бюджет ақшасын орналастыруға жол берілмейді.

8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

102-бап. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша бойынша атқару

1. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін өз билігінде қалатын ақшаның есебінен операцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме жыл сайын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) олардың түрлері бойынша өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды.

2. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негізінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

4. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарын мемлекеттік мекеме бюджетті атқару  жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.

5. Қаржы жылы ішінде мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық кірістер ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.

6. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу осы Кодекстің 96-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақша есебінен жүргізілетін төлемдер мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотындағы нақты қолма-қол ақша шегінде жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін, өз билігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

103-бап. Қаржы жылының аяқталуы

1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке жазуға және бюджеттен төленетін төлемдерді жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.

2. Бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кейін есепке жазылған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі.

3. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсаны аяқталғанға дейінгіні қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы мақсатқа арналған қалдықтар жойылады.

4. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайда болған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының қалдықтарын аккредитивтік және өзге де бюджеттен тыс шоттарға аударуға жол берілмейді.

 

104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

1. Есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің аяғындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.

2. Кезекті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған қаражат жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.

3. Жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.

4. Жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджетті түзету арқылы мыналарға:

1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге;

2) төмен тұрған бюджетке өткен қаржы жылы олар пайдаланбаған дамуға арналған нысаналы трансферттердің қалдығын өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігінің сомасына аударуға;

3) өткен қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының шығыстарын олардың ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған қалдығы сомасына қаржыландыруға;

4) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау мен беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, қызмет көрсету мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызмет көрсетуді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін.

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген мақсаттарға бөлгеннен кейін қалған жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджет қаражатының бос қалдықтары болып табылады және бюджетті нақтылау арқылы ағымдағы жылдың  шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі мүмкін.

 

105-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі

1.  Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы  тиісті мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және олардың бюджет қаражатын бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде стратегиялық бағыттарға, стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес пайдалануы жөніндегі жұмысын үйлестіреді және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

3. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

5. Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін акциялары бюджет қаражатының есебінен төленген ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

19-тарау.

Бюджетті  нақтылау

 

106-бап. Бюджетті нақтылау

1. Тиісті қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау:

1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған;

2) республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген;

3) республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару барысында түсімдері ағымдағы қаржы жылы олардың бекітілген жылдық көлемінен он проценттен астам сомаға кеміген;

4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген;

5) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында және 104-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

3. Сондай-ақ бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу кезінде жергілікті бюджеттерді нақтылауға жол беріледі.

4. Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.

5. Тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.

 

107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау

1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды.

3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.

4. Республикалық бюджеттік комиссияның республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссия өзгерістерін мақұлдаған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді табыс етеді.

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

6. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны  Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.

 

108-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау

1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.

3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

4. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

 

109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі  жергілікті уәкілетті органымен келісім бойынша жүргізіледі.

5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі облыстық бюджет туралы  мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

 

20-тарау.

Секвестр және бюджетті түзету

 

110-бап. Секвестр

1. Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.

2. Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он процентінен кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.

4. Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.

5. Тиісті бюджеттік комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.

6. Секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

111-бап. Бюджетті түзету

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.

2. Республикалық бюджетті түзету:

1) орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді;

2) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

3) осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген;

4) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

5) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Жергілікті бюджеттерді түзету:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, беруді білдіреді;

2) төмен тұрған бюджетке қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлінген;

3) бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген;

4) осы Кодекстің 44-бабының  4 және 5-тармақтарында көзделген;

5) осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көзделген;

6) осы Кодекстің 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

 

21-тарау.

 Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау

 

112-бап. Бюджеттік мониторинг

1. Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.

2. Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

3. Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.

5. Бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат  береді.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелерін ескереді.

7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі жалпы әдіснамалық және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді.

 

113-бап. Нәтижелерді бағалау

1. Мемлекеттік орган қызметінің ел немесе өңір экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигізетін әсерін кешенді және объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау, оның ішінде стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын және іске асырылуын бағалау нәтижелерді бағалау болып табылады.

2. Нәтижелерді бағалау:

1) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығын, олардың түсінікті және анық жазылуын, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығын талдауды;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін талдауды;

3) алынған нәтижелердің стратегиялық жоспарда айқындалған мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін бағалауды;

4) қол жеткізген нәтижелердің мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бағалауды;

5) нәтижелердің стратегиялық мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізе алмау себептерін талдауды;

6) мемлекеттік органның қызметін жақсарту, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту, қысқарту не оларды бюджеттен алып тастау жөніндегі ұсынымдарды қамтуға тиіс.

3. Нәтижелерді бағалауды жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) оларды алушыларға сауал қою негізінде алынған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.

4. Нәтижелерді бағалауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

5. Нәтижелерді бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

5-бөлім.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкін және оның еншілес ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алуының және қаржылық есептілігінің жүйесі

 

22-тарау.

Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

 

114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты

Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі адамдарды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

 

115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары

1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жасау принциптері есептен шығару және қызмет үздіксіздігі болып табылады.

Есептен шығару принципі ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операциялардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі.

Қызмет үздіксіздігі принципі мемлекеттік мекеменің алдағы болашақта жұмыс істейтін ниеті бар екенін, қызметін таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік бар болса, онда қаржылық есептілік арнаулы ережелер бойынша жасалады.

2. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады.

Түсініктілік – қаржылық есептілікте берілетін ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Орындылық – шешімдер қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпараттың орынды болуы және олардың оқиғаны бағалауына көмектесуі, бұрынғы бағаларын растауы немесе түзетуі тиіс.

Сенімділік – елеулі қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауы және пайдаланушылардың ақпаратқа шынайы ақпарат ретінде сенуі.

Салыстырмалылық - әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

 

116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі

1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

2. Есепке алу саясаты мемлекеттік мекемелер барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша қажет болған жағдайларда олардың қызмет ерекшелігін ескеріп және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік мекемелерде өз жүйесінің бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерін қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығара алады.

 

23-тарау.

Қаржылық есептілік

 

117-бап. Қаржылық есептілік

1. Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.

2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі:

1) бухгалтерлік балансты;

2) активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есепті;

3) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есептерді;

4) түсіндірме жазбаны қамтиды.

3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі бастапқы құжаттармен   расталады.

4. Мемлекеттік мекеме барлық операциялардың бірыңғай бухгалтерлік есепке алынуын жүргізеді.

5. Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

118-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға міндетті.

 

119-бап. Есепті кезең

1. Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

2. Жаңадан құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңді қамтиды.

 

120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну

1. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етеді.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық есептілікті:

1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

3. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беріледі.

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін анықтауға және жылына кемінде бір рет өзге де кезеңділікті белгілеуге құқылы.

 

6-бөлім.

Бюджеттік есепке алу мен есептілік

 

24-тарау.

Бюджеттік есепке алу

 

121-бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер

Бюджеттік есепке алу  бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің шоттарынан жасалатын операциялар туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген, тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

 

122-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу

1. Бюджеттік есепке алу деректері бюджеттік есептілік жасау үшін негіз болып табылады.

2. Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

123-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары

1. Бюджеттік есептілік мынадай:

1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің жоқтығын білдіретін анықтық;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етілетін ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық;

3) осы Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есептілікті жасау жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік сапалық сипаттамаларға сай келуге тиіс.

2. Алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтің) бюджетке түсетін түсімдері бюджеттік есептілікте ақшалай түрде көрсетіледі.

 

124-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері

1. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін:

1) мемлекеттік мекемелердің есептерін:

міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті;

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;

демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті;

дебиторлық берешек туралы есепті;

кредиторлық берешек туралы есепті;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін:

бюджеттік мониторингтің нәтижелері туралы есепті;

бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті;

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері  мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;

демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті;

дебиторлық берешек туралы есепті;

кредиторлық берешек туралы есепті;

стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті;

3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігін:

республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, облыс бюджеттерінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың  талаптары мен міндеттемелері туралы есепті

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есепті;

бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті;

4) Қазақстан Республикасы Yкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін:

республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті қамтиды.

2. Бюджетті атқару және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілеуге құқылы.

3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.

4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

 

125-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, тіркелген, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді.

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп береді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді береді.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді береді.

 

126-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп

1.  Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп оны іске асыру барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізудегі прогресс туралы ақпаратты қамтиды.

2. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын ағымдағы қаржы жылының бірінші наурызына дейінгі мерзімде:

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін мемлекеттік органдар, — Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, — әкімге,  мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті нәтижелердің бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға ұсынады.

3. Стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

 

25-тарау.

Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп

 

127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен;

2) республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылы ішінде стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал және республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.

4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту

1. Қазақстан Республикасының Парламенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында – алдымен  Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды.

2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:

Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

 

129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;

2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстық мәслихатқа, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.

 

130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;

мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.

3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есептен;

2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.

 

132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

әкімдік уәкілеттік берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;

мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

26-тарау.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен

пайдаланылуы туралы жылдық есеп

 

133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.

 

134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

7-бөлім.

Мемлекеттік қаржылық бақылау

 

27-тарау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау туралы жалпы ережелер

 

135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау

1. Мемлекеттік қаржылық бақылау бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау:

1) оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау;

2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді.

 

136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі

1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

2) мәслихаттардың тексеру комиссиялары;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган;

4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері;

5) облыстық бюджеттен,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

3. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.

Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.

 

137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері  мен стандарттары

1. Мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері:

1) тәуелсіздік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу;

2) объективтілік принципі – бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;

3) анықтық принципі – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау;

4) ашықтық принципі – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі;

5) құзыреттілік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы;

6) жариялылық принципі – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады.

3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.

 

138-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:

1) сәйкестікке бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

2) қаржылық есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;

3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.

 

139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;

4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.

 

140-бап. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер

Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:

1) бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары  бақылау нәтижелері бойынша жасаған құжат;

2) бақылаудың қорытындылары туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;

3) қаулы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитеті және мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және шешімдерді қамтитын өздеріне арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті құжат;

4) қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негізінде жасалатын құжат;

5) ұсыну – анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты.

 

28-тарау.

 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары

 

141-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті:

1) республикалық бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес бағалауды жүзеге асырады;

2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;

3) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің  анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

4) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;

5) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы жылдың 5 мамырынан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де жеке тапсырмаларын орындайды;

8) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізеді;

9) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;

10) мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

11) республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен ғана немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, мемлекеттік органдардан, жеке және  заңды тұлғалардан құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау мен жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы және ақпаратты сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;

14) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілері лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды;

15) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және мәслихаттардың тексеру комиссияларын (олармен келісім бойынша), сондай-ақ қажет болғанда республикалық бюджеттен олардың көрсететін қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;

16) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

17) бақылау объектісінен Қазақстан Республикасының құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады;

18) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдайды және мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;

19) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жүргізеді;

20) талдау мен зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы оқыту бағдарламаларын іске асырады;

21) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;

22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг, сондай-ақ бақылау жүргізеді;

23) мәслихаттардың тексеру комиссияларына, оның ішінде мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережені және мәслихаттардың тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік көмекті жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

24) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;

25) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

142-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясының құзыреті

Мәслихаттың тексеру комиссиясы:

1) жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жүзеге асырады;

2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;

3) бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

4) жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;

5) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихатқа белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның  тиісті есебіне қорытынды болып табылады;

7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат беруге құқылы;

8) мәслихаттың жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ мәслихаттың өзге де тапсырмаларын орындайды;

9) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының  қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін лауазымды адамдардың сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша  мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;

11) мемлекеттік органдардан, бақылау объектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектісіне қатысты ақпаратты сұратады және алады;

12) бақылау объектілері лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін тыңдайды;

13) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын, сондай-ақ қажет болғанда жергілікті бюджеттен олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;

14) бақылау объектісінен құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады;

15) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды;

16) жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бақылау іс-шараларына қатысуға құқылы;

17) жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізеді;

18) лауазымды адамдардың кінәсінен болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға осы лауазымды адамдардың атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігі туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;

19) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

20) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері ұсынатын жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу актілерін талдайды және жергілікті бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жасаудың тиімділігін арттыру жөнінде нұсқамалар береді;

21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

143-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:

1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды  жүзеге асырады;

2) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтық емес түсімдерді енгізудің толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелер жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаның қалыптастырылуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

8) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

9) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;

10) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;

11) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген  қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады;

12) ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

13) ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмекті жүзеге асырады, олардың қызметін үйлестіреді,  ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды  ұйымдастырады;

14) ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер береді;

16) бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талаптар жібереді;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

144-бап. Ішкі бақылау қызметтері

1. Ішкі бақылау қызметі:

1) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

3) мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды  жүзеге асырады;

5) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

7) бақылау объектілеріне жіберілетін  ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

8) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және белгіленген мерзімде алады;

9) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;

10) мемлекеттік органның басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Ішкі бақылау қызметі мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру, оның қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ондағы бақылау нәтижелері туралы есептерді және ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту жөнінде ұсынымдар береді.

3. Ішкі бақылау қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерге ұйымдық жағынан тәуелсіз, мемлекеттік органның бірінші басшысына ғана бағынысты болады және оған есеп береді.

4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардағы ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

 

145-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы

1. Бақылау жүргізу мақсатында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімдерде жоспарлары және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісім бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бақылауды жүргізеді.

3. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау актілері мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келген кезде бақылау нәтижелерін өзара таниды.

4. Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы мәслихаттардың тексеру комиссияларынан өкілді органның шешімі негізінде ұсынылуы мүмкін ақпаратты сұратуға құқылы.

5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді.

6. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды екі жылда бір рет жүргізеді.

 

29-тарау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің негіздері

 

146-бап. Бақылау объектісі басшысының құқықтары  мен  міндеттері

1. Бақылау объектісінің басшысы:

1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерін, тұжырымдары мен ұсынымдарын білуге;

2) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тиісті құжатын ұсынбаған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін бақылауға жібермеуге;

3) бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда он күн мерзімде мемлекеттік қаржылық бақылау органына бақылау актісіне қарсылық жіберуге;

4) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауға байланысты тиісті есеп беруге;

5) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау органының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.

2. Бақылау объектісінің басшысы:

1) мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыру үшін сұратылып отырған бүкіл қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге, оның анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін дербес жауапкершілікте болуға;

3) мемлекеттік қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне араласпауға, бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге және оның ауқымын шектемеуге;

4) жүргізілген бақылау нәтижелері бар актіні таныстыруға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне қол қоюға;

5) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қаулысында және ұсынысында көрсетілген кемшіліктерді толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етіп отыруға;

6) түсімдерді бюджетке енгізуді, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өндіріп алуды не оларды есеп бойынша қалпына келтіруді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің  шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге міндетті.

 

147-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік

1. Бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептілікке қосуға жол берілмейді.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері туралы есептілікке енгізілетін ақпараттың анықтығы үшін жауапты болады.

 

148-бап. Мүдделер қақтығысы

1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының объективтілігі мен тәуелсіздігін шектеуге қабілетті қызмет немесе қатынастар мүдделер қақтығысы болып танылады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының:

1) бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын;

2) бақылау объектісінің онда жеке мүліктік мүдделері бар қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан;

3) бақылау объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым салынады.

3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыларға, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесі тексеру комиссиясының төрағасына жазбаша хабарлауға тиіс. Мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкеріне жүктеледі.

 

149-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, бақылау объектілері  лауазымды адамдарының жауапкершілігі

1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бақылау актілерінде жазылған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттеріне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына, бақылау жүргізу үшін жіберуге бас тарту, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түріндегі кедергі келтіру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергі жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актілерді орындамау немесе тиісінше орындамау бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығына әкеп соқтырады.

3. Қызметті жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

150-бап. Дауларды шешу

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалына алады.

 

8-бөлім.

Бюджеттік инвестициялар

 

30-тарау.

Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау

 

151-бап. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер

1. Бюджеттік инвестициялар:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;

3) мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

2. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

3. Республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды анықтау өлшемдері мыналар:

1) меншік түрі бойынша өлшемдер – бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған мүлікке туындайтын меншік құқығына (республикалық немесе коммуналдық) байланысты оны республикалық немесе жергілікті бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық жоба ретінде айқындайтын өлшем;

2) пайда алушылар бойынша өлшемдер – егер бюджеттік инвестициялық және (немесе) концессиялық жобаның іске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екі және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылса, бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық жобаны – республикалық, ал егер бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылса, оны жергілікті деп тануды айқындайтын өлшем.

4. Бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық жобаны республикалық ретінде айқындау үшін оның осы баптың 3-тармағында аталған өлшемдердің біріне сәйкестігі жеткілікті болады.

5. Жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.

6. Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырады.

7. Жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырады.

 

152-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды жоспарлау

Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:

1) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу сатысында инвестициялық ұсыныстар әзірлеу;

2) бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды іріктеу кезеңінде жүзеге асырылады.

 

153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу

1. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында жүзеге асырады.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткізілуге жатады.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері инвестициялық ұсыныстардың тізбесін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

4. Инвестициялық ұсыныстар:

1) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жоба немесе концессиялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;

2) жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласының (аясының) даму басымдықтарына сәйкестігі туралы, оның ішінде салада (аяда) қазіргі бар проблемаларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратты;

3) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаның немесе концессиялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;

4) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен және мұндай іске асырудың болмауы бюджеттік инвестициялық жоба немесе концессиялық жоба іске асырылған жағдайларда экономика саласындағы (аясындағы)  ахуалдың ықтимал нұсқаларын;

5) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаны немесе концессиялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын инвестициялық ұсыныстардың  негізділігі үшін жауапты болады.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қараудың және іріктеудің тиісті әдістемелері бойынша, оның ішінде шығындар мен пайданы талдау негізінде (осы әдістемені қолдану мүмкін болған жағдайда) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.

7. Бюджет комиссиясы іріктеген инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган олар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

8. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейді.

 

154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін  бюджет жобасына енгізудің тәртібі

1. Мыналар:

техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;

бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;

тиісті бюджет комиссиясының ұсынысының болуы бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.

2. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.

Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

3. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

4. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс.

5. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.

6. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық органның сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

7. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредит есебінен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

8. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

9. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

10. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.

11. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.

12. Бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын жобаларды қарау, іріктеу, мониторингін жүргізу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

155-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу тәртібі

1. Мыналардың:

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;

концессиялық жобаны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және республикалық меншіктің қолда бар объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісудің;

бюджет комиссиясы ұсынысының болуы бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу  үшін негіз болып табылады.

2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін  Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

4. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын техникалық тапсырманы тиісті орталық уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді.

6. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс.

7. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны техникалық-экономикалық негіздеудің экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі және концессиялық жобаның экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.

8. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды техникалық-экономикалық негіздеуді экономикалық сараптауды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

9. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

10. Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының нәтижелері бойынша бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

11. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды ұсыну, қарау, іріктеу, мониторингін жүргізу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

156-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау

1. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негіздемелерін енгізеді.

Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негіздемесін, орындылығын және нәтижені бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.

Заңды тұлғаның қызметін дамыту немесе кеңейту мақсаттарында заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға рұқсат етіледі.

3. Мемлекеттің ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруы кезінде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың осы әкімшілері тиісті бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын, негізделуін және іске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердің есептілігін, мониторингін және бағалануын қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар дайындайтын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі жөніндегі қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

5. Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлену тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

31-тарау.

 Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

 

157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

1. Бюджеттік инвестициялық жобалар олардың белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелеріне сәйкес іске асырылады.

2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде көзделетін құрылыс қызметі белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Бірыңғай техникалық параметрлері бар инвестициялық жобалар бойынша үлгілік жоба әзірлеу жүзеге асырылады.

Үлгілік жобаларды әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде үлгілік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.

5. Бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын бюджет комиссиясы қарамастан және оның ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.

6. Республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді.

7. Бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджет комиссиясының ұсынысын ескермей бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын техникалық шешімдерді өзгертуге байланысты түзетуге жол берілмейді.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына техникалық шешімдерді өзгертуге байланысты және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзету енгізу Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

8. Бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді бюджет комиссиясының ұсынысын ескермей енгізуге жол берілмейді.

Егер бюджеттік инвестициялық жоба республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын жағдайда, бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарға әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына құрамдас бөліктер Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып қосылады.

9. Республикалық бюджет, оның ішінде нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүргізеді.

Жергілікті бюджет, оның ішінде нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген орган жүргізеді.

10. Инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

1. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негізінде іске асырылады.

2. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді.

3. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

159-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

1. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталына заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

 

9-бөлім.

Концессиялық міндеттемелер

 

32-тарау.

Концессиялық міндеттемелер

 

160-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Концессиялық міндеттемелер:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелеріне;

2) жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелеріне бөлінеді.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдары бір-бірінің концессиялық міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелерді толық төлеген кезде орындалды деп саналады.

7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

161-бап. Концессиялық міндеттемелердің есепке алынуы және мониторингі

1. Концессиялық міндеттемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда тіркелуге және есепке алынуға тиіс.

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.

3. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.

4. Концессиялық міндеттемелердің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы және орындауы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауы:

1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;

2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу негізінде жүзеге асырылады

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимитпен шектеледі.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауын республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

33-тарау.

 Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері

 

163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы

1. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы:

1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;

2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу негізінде жүзеге асырылады.

2. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты шешімінің негізінде жүзеге асырады.

 

164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу

1. Жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерді қабылдауы тиісті жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимитімен шектеледі.

2. Жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы

Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

 

10-бөлім.

Гранттар

 

34-тарау.

Байланыссыз  және байланысты гранттар туралы жалпы ережелер

 

166-бап. Байланыссыз гранттар

Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингін жүргізу және пайдаланылуын бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

1. Орталық мемлекеттік органдардың донорлардың өтеусіз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстарына негізделген байланысты гранттар тартуға өтінімдер қалыптастыру, ұсыным жасау және іріктеу жөніндегі қызметі байланысты гранттарды жоспарлау болып табылады.

2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

3. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестігі;

2) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестігі негізінде жүзеге асырады.

4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.

 

168-бап. Байланысты гранттарды тарту

1. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтінімдер жібереді.

2. Байланысты гранттар беруге арналған өтінімдерді толтыруды донорлар белгілеген нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы негізінде тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдар жүзеге асырады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіп алмай донорларға өтініш жасауға тыйым салынады.

3. Байланысты грантты тартуға өтінімді донор мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастырады және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ оны жергілікті атқарушы органдарға тиісті бюджет комиссияларының қарауына өтінімдер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жібереді.

4. Байланысты грант туралы келісім республикалық немесе жергілікті бюджеттер бекітілгеннен кейін жасалады.

 

35-тарау.

 Байланысты гранттарды пайдалану

 

169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

1. Байланысты гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар – гранттарды алушылар жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік ұйымдар – байланысты гранттарды алушылар:

1) байланысты грант туралы келісімде көзделген өздеріне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауға;

2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

3) байланысты гранттардың есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың  балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;

4) гранттардың есебінен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік ресімдерді уақтылы жүзеге асыруға;

5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар – байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.

 

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау

1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі:

1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуін;

2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға табыс етуін көздейді.

2. Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар айқындайды.

3. Байланысты гранттарды пайдалануды бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану мониторингінің негізінде жүзеге асырады және:

байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалауды;

байланысты гранттарды пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін  салыстыруды, сондай-ақ олардың республика мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуін талдауды;

байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалауды және талдауды көздейді.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.

 

11-бөлім.

Бюджеттік кредиттеу

 

36-тарау.

Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері

 

171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер

1. Бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесті білдіреді.

2. Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.

3. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.

4. Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:

1) салық берешегінің болмауы;

2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;

3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.

 

172-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері

Бюджеттік кредиттерді беру мынадай:

1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;

2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;

3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;

4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

173-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері

Бюджеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:

1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

3) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттік қабілеті.

 

174-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері

1. Кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттеу субъектілері болып табылады.

2. Бюджеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.

 

175-бап. Кредитор

1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы кредитор болып табылады.

2. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады.

Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Yкіметінің атынан кредитор ретінде әрекет етеді.

3. Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган кредитор болып табылады.

4. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беруді қамтамасыз етеді, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

 

176-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектісі ретіндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарабы болып табылады және:

1) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;

2) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингін жүзеге асырады.

 

177-бап. Қарыз алушылар

1. Бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады.

2. Мыналар:

1) мамандандырылған ұйымдар – банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі  ұйымдар;

2) жергілікті атқарушы органдар;

3) шет мемлекеттер;

4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.

 

178-бап. Түпкілікті қарыз алушылар

1. Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкілікті қарыз алушылар бола алады.

3. Түпкілікті қарыз алушыларды іріктеуді және кредиттеуді бюджеттік бағдарламаның нысаналы мақсатына, сондай-ақ өздерінің кредиттік саясатына сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

 

179-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер)

1.  Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады.

2. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенімгердің) тапсырмасы бойынша мынадай іс-әрекеттерді орындай алады:

1) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;

2) қарыз алушылармен есеп айырысу;

3) бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізу;

4) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алу;

6) қарыз алушы-жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттік шарттар жасасу.

3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.

4. Қаржы агенттігін қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.

5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады.

Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшін төленетін сыйақының  мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.

 

37-тарау.

Бюджеттік кредиттеу талаптары

 

180-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары

1. Кредиттік шартта бюджеттік кредиттің мынадай негізгі талаптары міндетті түрде болуға тиіс:

1) берудің мақсаты;

2) мөлшері;

3) валютасы;

4) мерзімі;

5) игеру кезеңі;

6) сыйақы ставкасы.

2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешімімен белгіленеді.

3. Кредиттік шартқа қосымша талаптар, оның ішінде бюджеттік кредитті беру тәсілін айқындайтын талаптар, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері енгізіледі.

 

181-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі

1. Қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі болып табылады.

2. Бюджеттік кpeдиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледі.

3. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін;

2) орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін;

3) ұзақ мерзімді – 5 жылдан 30 жылға дейін.

 

182-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі

Бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі бюджеттік кредитті игеру кезеңі болып табылады.

 

183-бап. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

1. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуы кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін.

Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен қамтамасыз етілмейтін бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі мен өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.

3. Бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөнінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы жүргізеді.

 

184-бап. Сыйақы ставкасы

1. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушы жүзеге асыратын төлем -  сыйақы болып табылады.

2. Жылдық проценттер түрінде көрсетілетін сыйақы шамасы сыйақы ставкасы болып табылады.

3. Сыйақы ставкасы тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін.

Мөлшері бюджеттік кредиттің барлық мерзіміне өзгеріссіз белгіленетін сыйақы ставкасы тіркелген сыйақы ставкасы  болып табылады.

Мөлшері қаржы нарығындағы конъюнктураға байланысты өзгеріп тұратын сыйақы ставкасы құбылмалы сыйақы ставкасы болып табылады.

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақының орташа өлшемді ставкасы кірістіліктің орташа өлшемді ставкасы деп танылады.

Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді ставкасынан төмен болмайтын шамада белгіленеді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді ставкасын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

185-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілдері

Бюджеттік кредит:

1) қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу;

2) бір мерзімде не аудару графигіне сәйкес бөліп-бөліп немесе қарыз алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына аудару арқылы берілуі мүмкін.

 

186-бап. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі

1. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейді.

2. Кредиттік шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін.

Бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі жеңілдік кезеңі болып табылады, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды. Жеңілдік кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс.

 

38-тарау.

Бюджеттік кредиттеу рәсімдері

 

187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау

Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау:

1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджеттік кредиттеудің мақсатқа сай екендігін айқындауды;

2) бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруды ұсынатын бюджеттік кредиттеу өлшемдеріне олардың  сәйкестігі мәнін қарауын;

3) бюджеттік өтінімді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын бюджеттік комиссияның қарауын;

4) бюджеттік комиссияның бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарын әзірлеуді қамтиды.

 

188-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі

1. Бюджеттік кредит беру рәсімі мынадай кезеңдерді:

1) бюджеттік кредиттің негізгі талаптарын айқындауды;

2) қарыз алушыны айқындауды;

3) кредиттік шарт және олармен байланысты шарттар жасасуды;

4) қарыз алушыға бюджеттік кредит беруді қамтиды.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін бюджеттік кредиттердің негізгі шарттары туралы және қарыз алушылардың санаттары туралы кредитор шешімдерінің жобаларын бекітуге енгізеді.

3. Қарыз алушыларды:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу кезінде тапсырма шартына сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент);

2) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдарды бюджеттік кредиттеу кезінде конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайды. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

3) жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар осы Кодекске сәйкес айқындалады;

4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджеттік кредиттер алады.

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу сенім білдірілген өкілдер (агенттер) арқылы жүзеге асырылады.

5. Бюджеттік кредит беру кредиттік шарт, тапсырма шарттары және бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар жасалып, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

6. Бюджеттік кредиттер беру жөніндегі рәсімдерді, оның ішінде оларды беру кезіндегі қажетті құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

189-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері

1. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен беріледі.

2. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер шет мемлекеттер бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартқа міндетті күш беру үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізген жағдайда беріледі.

3. Шет мемлекетті бюджеттік кредиттеудің тәртібі мен талаптары бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартта белгіленеді.

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасы алдындағы борышын құрайды.

 

190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану

Қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама мен кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.

Бюджеттік кредит нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жағдайда қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

191-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету

1. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит қаражатының пайдаланылуын есепке алу және қарыз алушының кредиттік шарт талаптарына сәйкес негізгі борышты, сыйақыны және басқа да төлемдерді өтеуге төлемдер жасауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі бюджеттік кредитке қызмет көрсету деп танылады.

Ол бойынша есептелген сыйақы, комиссиялық төлемдер, тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) сомасы ескерілмей алынған және өтелмеген бюджеттік кредит сомасы негізгі борыш  болып табылады.

2. Негізгі борышқа қызмет көрсету кредиттік шарт талаптарына сәйкес, белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, өзге де төлемдердің жиынтық төлемдерін білдіреді.

Бюджеттік кредитті (кредиттік шартты) өтеу және оған қызмет көрсету графигіне сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы берешек болып табылады.

3. Сыйақыны есептеу кредитордың шотынан бюджеттік кредит аударылған күннен бастап ол толық өтелген күнге дейін бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш сомасына қойылған сыйақы ставкасы бойынша жүргізіледі.

4. Сыйақыны есептеу тәртібі кредиттік шартта белгіленеді.

Сыйақыны есептеу үшін жылдың 360 күні және айдың 30 күні не толық емес ай кезінде өткен күндердің іс жүзіндегі саны есепке алынады.

Төлем мерзімі басталған кезде қарыз алушы тиісті бюджетке негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем тапсырмасымен ақша аудару арқылы кезекті төлемдерді жүзеге асыруға міндетті.

5. Берешек пайда болған кезде бюджеттік кредитке қызмет көрсету төлемдердің мынадай кезектілігімен жүзеге асырылады:

1) есебіне жазылған тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар);

2) есебіне жазылған сыйақы;

3) негізгі борышты өтеу.

 

192-бап. Бюджеттік кредитті өтеу

1. Қарыз алушының кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуі бюджеттік кредитті өтеу болып табылады.

2. Бюджеттік кредиттен қарыз алушылардың кредитормен немесе сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісім бойынша кредитті мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар.

Қарыз алушы кредиттік шарттың талаптарын бұзған кезде кредитордың немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырма шартына сәйкес кредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы бар.

Қамтамасыз етілмеген бюджеттік кредит алған қаржы агенттігінің акцияларын сатуға олар бюджеттік кредитті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда жол беріледі.

3. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек пайда болған кезде кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиттің өтелуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.

4. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебінен өндіріліп алынған мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған  тәртіппен  өткізілуге және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.

5. Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау жүргізуге арналған шығыстар тиісті бюджет қаражаты есебінен төленеді.

6. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредитор талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына кемітіледі.

7. Жергілікті атқарушы органда жоғары тұрған бюджет бөлген бюджеттік кредит бойынша берешек болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы Кодекстің 100-бабының 1 және 2-тармақтарының  4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау туралы жазбаша нұсқау береді.

 

39-тарау.

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру

 

193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау

1. Тараптардың келісімі бойынша олардың кредиттік шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруі бюджеттік кредитті қайта құрылымдау болып табылады.

2. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешім қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнінде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде қабылданады.

3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:

1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту;

2) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.

4. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша кредитордың шешімі негізінде жүзеге асырылады.

5. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау әрі кеткенде бір рет жүзеге асырыла алады.

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді.

 

194-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару

Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға кредитор шешімінің негізінде кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.

Борышты аудару бюджеттік кредит бойынша борышты өтеу есебіне өндіріп алынған (ұсынылған) мүлікті берген кезде жүзеге асырылуы мүмкін.

 

40-тарау.

Талап қою мерзімінің өтуі, кредиторлар талаптарының тоқтатылуы және

бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктің тоқтатылуы

 

195-бап. Талап қою мерзімінің өтуі

Бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлардың талаптарына талап қою мерзімі қолданылмайды.

 

196-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы

1. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талабы қарыз алушы кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде, қарыз алушы мен кредитop бір тұлға болғанда не қарыз алушы  - заңды тұлға таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  немесе сот актісінің негізінде тоқтатылады.

2. Кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптары қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.

3. Қарыз алушы – заңды тұлға таратылған жағдайда кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талабының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі алдын ала рәсімдер жүргізілгеннен кейін:

1) республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша – республикалық бюджет туралы заңның негізінде;

2) жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша – мәслихаттың шешімі негізінде жүзеге асырылады.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген таратылған қарыз алушылардың берешегі, сондай-ақ сот актісінің негізінде талаптар тоқтатылған қарыз алушылардың берешегі өтелді деп есептеледі және ол кредитордың есептен шығаруына жатады.

5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптары тоқтатылған жағдайда, онымен бір мезгілде тиісті бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктер де тоқтатылады.

 

41-тарау.

 Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу

 

197-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау

1. Кредитор және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайдың болуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттің заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндіріп алады.

 

198-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және есепке алу

1. Бюджеттік кредиттер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті тіркеуге, есепке алуға және оларға мониторинг жүргізілуге жатады.

Бюджеттік кредиттер бойынша осы Кодекске сәйкес бюджеттік мониторинг  және нәтижелерді бағалау жүзеге асырылады.

2. Кредиторлар қарыз алушылар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер) тұрғысында барлық берілген бюджеттік кредиттердің тізілімін жүргізеді.

 

 

12-бөлім.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз  алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі

 

42-тарау.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі туралы жалпы  ережелер

 

199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Pecпубликасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы “Қазақстан Pecпубликасының Ұлттық Банкі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.

3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады.

4. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

200-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары

1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;

3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары болып бөлінеді.

2. Несие капиталының нарықтарына қарай мемлекеттік қарыздар:

1) мемлекеттік сыртқы қарыздар;

2) мемлекеттік ішкі қарыздар болып бөлінеді.

3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:

1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;

2) қарыз шарттарын жасасу болып бөлінеді.

4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:

1) 1 жылға дейінгі айналыс мерзімімен қысқа мерзімді;

2) 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімімен орта мерзімді;

3) 5 жылдан артық айналыс мерзімімен ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:

1) бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;

2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкін.

 

201-бап. Мемлекеттік борыш

1. Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы мемлекеттік борыш болып табылады.

2. Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды.

3. Қазақстан Республикасы Yкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік ішкі борыш  болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік сыртқы борыш болып табылады.

 

202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.

2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-біpінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз берушіге негізгі борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледі.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асырады.

 

203-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару

1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару:

1) алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда соған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу мен қызмет көрсетудің көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып, жыл сайынғы бағалауды қамтиды.

Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде жүзеге асырады;

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен және республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін тәртіппен үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органның борышын, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін айқындауын;

3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын;

4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша  міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды тіркеуін, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша  борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;

5) борыш құрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін басқару жөнінде іс-шаралар дайындап,  іске асыруын;

6) мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа да мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен және кепілгерліктермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажетті шаралар қабылдауды қамтиды.

2. Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

 

204-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау

Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктері және кепілдіктер мен  кепілгерліктер бойынша төленген ақша сомасы туралы мәліметтер ашық болып табылады және олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады.

 

43-тарау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы

 

205-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы:

1) республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында;

2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет профициті кезінде үкіметтік борышты қайта қаржыландыру үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады.

 

206-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен:

1) қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегін белгілеу;

2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;

3) болжамды үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Бюджетті aтқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ол осындай мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын айқындайды.

4. Борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесу үшін үкіметтік ішкі қарыз алу үкіметтік қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды, борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелді ескере отырып жүзеге асырылады.

Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор нарығына арналған тиісті бағдарды белгілеу үшін айналымда қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемі және бюджеттің қалыптасқан іс жүзіндегі орындалуына тәуелсіз график бойынша қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады.

 

207-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуын шектеу

Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемімен шектеледі.

 

208-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

44-тарау.

Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

 

209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.

2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.

 

210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

1. Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі.

2. Тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган борышының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он процентіне тең  мөлшерден аспауға тиіс.

 

211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету

Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді олар жергілікті бюджеттерде көзделген қаражаттар есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

 

212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың,  астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы

1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген  тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.

3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

 

45-тарау.

Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш

 

213-бап. Мемлекеттік кепілдік

1.  Қазақстан Республикасының қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.

2. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік кепілдіктер берудің айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкіметі ие болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады.

 

214-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу

1. Мемлекеттік кепілдіктер республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін лимит шегінде беріледі.

2. Мемлекеттік кепілдіктер жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде берілмейді.

3. Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылының шегінде ғана пайдаланыла алады.

 

215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

1. Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.

2. Мемлекеттік кепілдіктер беру осы Кодекстің 220-бабына сәйкес кепіл міндеттемелерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын қарыз алушының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан жарғылық капиталына мемлекеттің жүз процент қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 проценті мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының екі проценті мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.

4. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен берілген қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар ресімделіп, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және мемлекет кепілдік берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарды белгілейтін келісім мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім болып табылады.

 

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:

1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резиденті болуы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін, тиісті кезеңге арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыруы;

3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейлі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы;

4) салалық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

7) бұрын алынған, ол бойынша төлем мерзімдері басталған мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде берешектерінің, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы;

8) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің қамтамасыз етілуі;

9) ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде 30 процентті құрайтын меншікті капиталының болуы;

10) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс.

 

217-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу

Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

218-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны

1. Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші (облигациялар ұстаушылардың өкілі) арасында кепілдік шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттік емес қарыз бойынша кепілгердің міндеттемесін (кепілдік міндеттемесін) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдағаны туралы жазбаша хабарлау нысанында беріледі.

Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша кепілдік шарты болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қарыз алушының векселін авальдандыруға құқылы.

Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат қана мемлекеттік кепілдік болып танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарында мемлекеттік кепілдіктің заңдық күші болмайды.

2. Әрбір инвестициялық жоба бойынша кепілдік шартына, кепілдік міндеттемесіне, қарыз алушының әрбір міндеттемесі бойынша авальға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.

3. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде:

1) оған сәйкес мемлекеттік кепілдік берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;

2) қарыз алушының атауы және тұрған жері;

3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;

4) кепілдік берілетін қарыз сомасы, берілетін мемлекеттік кепілдіктің күші қолданылатын қарыз бойынша кепілдік берілетін басқа да міндеттемелер;

5) мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі;

6) кепілдік шартына (кепілдік міндеттемесіне) қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.

4. Кепілдік шартында, кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының  4) және 5) тармақшаларында көзделген шарттар болмаған кезде:

1) мемлекеттік кепілдік борышкердің қарыз бойынша барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік кепілдік қарыз шартының қолданылу мерзіміне берілді деп саналады.

5. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оларға қол қойылған, сондай-ақ осы баптың 2-тармағын бұза отырып,  уәкілетті емес тұлға қарыз алушының міндеттемелерін авальдандырған кезде мемлекеттік кепілдік жарамсыз болып саналады.

 

219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу

Берілетін мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге және есепке алуға тиіс.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингін және оны басқаруды жүзеге асырады.

Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйінің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

220-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы

Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегінде толық немесе ішінара өтемеген жағдайда, қарыз берушінің талабы бойынша мемлекеттік кепілдік төлем күні басталғаннан кейін орындалуға жатады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкерді ауыстыруға, талап қою мерзімі өтіп кетуіне, аталған қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстің 191-196-баптары қолданылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бөлінген қаражат осы Кодекстің 184-бабына сәйкес белгіленген сыйақы ставкасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген мерзім ішінде республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартының талаптарына сәйкес және қарыз берушінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшін республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебінен мемлекеттік кепілдікті орындау арқылы мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы.

 

221-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау

1. Мемлекет кепілдік берген қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Қарыз берушінің талабы бойынша мемлекет кепілдік берген қарызды қайта құрылымдау кезінде бұрын берілген мемлекеттік кепілдікті Қазақстан Республикасының Үкіметі растай алады немесе жаңасымен ауыстыра алады.

3. Бұл ретте кепілдік берілген қарыз сомасы бұрын берілген мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды.

Жаңадан берілген мемлекеттік кепілдікке осы Кодекстің 214-бабының   1-тармағында белгіленген шектеулер қолданылмайды.

 

222-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру

1. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз шарты тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.

2. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушы ауыстырылған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде қарыз берушінің талабы бойынша жаңасымен ауыстыра немесе растай алады.

3. Бұл ретте кепілдік берілген қарыз сомасы бұрын берілген мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берілген мемлекеттік кепілдікке осы Кодекстің 214-бабының 1-тармағында белгіленген шектеулер қолданылмайды.

 

223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері

Мемлекеттік кепілдік:

1) қарыз алушы немесе кепілгер Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындаған;

2) егер кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) өзгеше айтылмаса, онда көрсетілген кепілдік мерзімі өткен;

3) қарыз шартында және (немесе) кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) арнайы айтылған;

4) мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыны ауыстыру кезінде кепілдік жаңасына ауыстырылған жағдайларда, өзінің қолданысын тоқтатады.

 

224-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу

Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын қарыз талаптарында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.

 

225-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық

Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшін және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық міндеттемелерді орындамаған жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттарды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жауаптылықта болады.

 

46-тарау.

Мемлекет кепілгерлігі

 

226-бап. Мемлекет кепілгерлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.

 

227-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруді шектеу

1. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.

2. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.

3. Мемлекет кепілгерліктері бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді.

4. Мемлекет кепілгерліктерін беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

 

228-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

1. Мемлекет кепілгерліктері Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде беріледі.

2. Мемлекет кепілгерлігін беру:

1) осы Кодекстің 233-бабына сәйкес қарыз алушының концессия объектісін мемлекетке беруінің міндеттілігі;

2) қарыз алушының арнайы шотта мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауды қамтамасыз етуге арналған қаражатты шоғырландыру міндеттемесі шартымен жүзеге асырылады.

Қаражатты арнайы шотта шоғырландыру тәртібі кепілгерлік шартында айқындалады.

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігі берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі проценті мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) өндіріп алынады.

4. Мемлекет кепілгерлігін беру мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру  шарты болған кезде жүзеге асырылады.

 

229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Заңды тұлғалар өздері қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер болғанда осы заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:

1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болу;

2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;

3) тиісті саланың уәкілетті органының оң қорытындысының болуы;

4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

6) мемлекет кепілгерлігімен не мемлекеттік кепілдіктерімен бұрын алынған, төлем мерзімдері басталған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы;

7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процентті құрайтын меншікті капиталының болуы;

8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс.

 

230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеу

Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеуді Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.

 

231-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны

1. Мемлекет кепілгерлігі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі.

Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат мемлекет кепілгерлігі деп танылуы мүмкін.

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының актілерінің немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепілгерлігі болатын заңдық күші болмайды.

2. Мемлекет кепілгерлігі шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.

3. Мемлекет кепілгерлігі шартында:

1) оған сәйкес мемлекеттің кепілгерлігі берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;

2) қарыз алушы мен қарыз берушінің атауы және тұрған жері;

3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;

4) мемлекет кепілгерлігі берілетін қарыз сомасы, мемлекет кепілгерлігінің күші қолданылатын қарыз бойынша басқа да міндеттемелер. Басқа да міндеттемелер қарыз сомасын ұлғайта алмайды (капиталдандырмайды);

5) мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі;

6) мемлекет кепілгерлігі шартына қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.

4. Осы баптың 2-тармағында және 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттің кепілгерлігі жарамсыз болып саналады.

 

232-бап. Мемлекет беретін кепілгерліктерді және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу

Мемлекет беретін кепілгерліктер және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

233-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау

Егер қарыз алушы мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша міндеттемелерді төлем мерзімі өткен күні өтемесе, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелер орындалуға жатуы мүмкін. Кепілгерлік бойынша міндеттемелерді орындау кезінде кепілгер қарыз алушыға кері талап қояды.

Мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат сақтандыру шарты негізінде концессия объектісін мемлекетке беру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

 

234-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтатудың негіздері

Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушы немесе кепілгер мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін қолданылуын тоқтатады.

 

235-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға қойылатын шектеу

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.

 

236-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз  қаражатының пайдаланылуына бақылау және  жауаптылық

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен бақылау жүзеге асырылады.

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны және қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты қайтаруы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жауаптылықта болады

 

47-тарау.

Қарыз берушінің мүдделерін қорғау

 

237-бап. Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермеу

Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

 

238-бап. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актілерінің заңдық күші болмайды.

 

239-бап. Дауларды шешу

1. Қарыз шарттарына, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға, үкіметтік кепілдіктерге, кепілгерліктерге байланысты немесе мемлекеттік, үкіметтік борышты, жергілікті атқарушы органдардың борышын немесе мемлекет кепілдік берген борышты басқаруды қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты туындайтын даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше келіссөздер жүргізу арқылы не қарыз шарттарында, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару ережелерінде белгіленген дауларды шешудің бұрын келісілген рәсімдеріне сәйкес шешіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге даулардың барлығын, шетелдік қарыз берушінің Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешеді.

 

13-бөлім.

Қорытынды және өтпелі ережелер

 

48-тарау.

Өтпелі ережелер

 

240-бап.  2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу

1. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер осы Кодекстің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша әзірленеді.

2. Осы Кодекстің 50-52-баптарында  көзделген жергілікті бюджеттердің түсімдерін болжауды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімдік фискалдық саясат негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімнің мәтіні:

1)  алдағы қаржы жылындағы бюджет кірістерінің, шығындарының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдерін;

2) жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың  көлемдерін және төменгі тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке  бюджеттік алып қоюлардың көлемдерін;

3) жергілікті атқарушы орган резервінің мөлшерін;

4) басқа да ережелерді   қамтиды.

4. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімге мыналар қоса тіркеледі:

1)  осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет.  Бұл ретте түсімдер - санаттар, сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар,  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)” бөлімі жалпы сомамен ұсынылады;

2) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі;

3) 2009 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңмен (2009 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен) белгіленген жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың бюджетіне) бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі;

5) қаладағы әрбір ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары;

6) басқа да деректер.

5. Бюджеттік бағдарлама - мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттер.

Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттерді бюджеттік бағдарлама шеңберінде нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу нәтижелерін көрсететін мақсаты, міндеттері және индикаторлары болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің жолдары болып табылады.

Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетін болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған мемлекеттік функциялардың мақсаттарын, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен даму жоспарларының міндеттерін бейнелеуге тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған, мемлекет көрсететін тиісті қызметтерді бейнелейтін мемлекеттік функцияларға, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарлары міндеттерінің іс-шараларына сәйкес болуға тиіс.

6. Бюджеттік бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға  және бюджеттік даму бағдарламаларына бөлінеді.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар –  олардың нәтижелері:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі тұрақты сипаты бар қызметін қамтамасыз етуге;

2) республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткізуге, олардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.

Бюджеттік даму бағдарламалары – нәтижелері республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткізу дәрежесіне және олардың міндеттері мен іс-шараларын шешуге тікелей ықпал ететін, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.

 

241-бап. Мәслихаттардың 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулысын әзірлеу

1. Мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде қабылданады.

2. Мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы жергілікті бюджетті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органның уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы көздейді.

Қаулыға мыналар қоса беріледі:

1) бекітілген  жергілікті бюджет. Бұл ретте түсімдер ерекшеліктер деңгейіне дейін ұсынылады, ал бюджеттік бағдарламалар кіші  бағдарламаларға бөлініп ұсынылады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)” бөлімі жалпы сомада беріледі;

2) нысаналы трансферттер мен кредиттерді төменгі тұрған бюджеттерге бөлу;

3) оларды айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға жүктелген 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру үшін қажет басқа да деректер немесе көрсеткіштер.

3.  Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.

 

242-бап. 2009 жылы  жергілікті бюджеттерді атқару тәртібі

1. 2009 жылға арналған бюджетті атқару негізі мыналар болып табылады:

1) осы Кодекс;

2) 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдері;

3) 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулылары;

4) жергілікті бюджеттерді атқару барысында ағымдағы қаржы жылы қабылданатын жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;

6) міндеттемелер бойынша  қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

7) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  міндеттемелері және төлемдері бойынша  қаржыландыру жоспарлары;

8) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және төлемдері бойынша  қаржыландырудың жеке жоспарлары;

9) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

2. 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде жергілікті атқарушы орган бекітеді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттары бюджетті бекіту (нақтылау, түзету) кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып, бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджеттік өтінім құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарлама  паспорты жобасының негізінде жасалады.

Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына мынадай жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

1) бюджетті  нақтылаған;

2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың функциялары  өзгерген;

3) мақсаттары, міндеттері, іс-шаралар, жауапты орындаушылар, іске асыру мерзімдері, күтіліп отырған нәтижелері және индикаторлары өзгерген жағдайда, 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар  енгізілген;

4) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қатер төндіретін ахуалдарды жою қажеттігі;

5) мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламаның жоспарланған іс-шараларын тиісті тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған нақты бағалардың болжамды бағалармен салыстырғанда төмендеуі салдарынан бекітілген сомадағы бюджет қаражатының аз көлеміне орындаған жағдайда пайда болған, пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы мақсаттарға барынша жақсы қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламаның міндеттері мен іс-шаралар тізбесін кеңейтуге қажетті қосымша іс-шараларды орындауға жіберілген жағдайларда.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттары бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жатады.

3. Міндеттемелер бойынша  қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша  қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және төлемдері бойынша  қаржыландырудың жеке жоспарлары осы Кодексте көзделген тәртіппен әзірленеді, бекітіледі және өзгертілуге жатады.

4. Түсімдер бойынша жергілікті бюджеттерді атқару, міндеттемелерді қабылдау, төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, бюджет қаражатының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қалдығын пайдалану, 2009 жылғы жергілікті бюджеттерді нақтылау, секвестрлеу, бюджеттік мониторинг жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Жергілікті бюджеттерді түзету кезінде бюджеттің көрсеткіштері 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта нақтыланбай өзгертіледі.

Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілген жағдайда, бөлінген бюджет бағдарламаларын қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.

 

243-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есептер

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп мынадай бөлімдерден тұратын бюджет құрылымы бойынша қалыптасады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер;  салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер; трансферттер түсімдері;

2) шығындар; 3) операциялық сальдо; 4) таза бюджеттік кредит беру:

бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;

5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері;

6) бюджет тапшылығы (профициті);

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру  (профицитті пайдалану):

қарыздардың   түсуі; қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепке:

1)түсіндірме жазба;

2) түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.

3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп қосымшаларымен бірге осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде жасалады, ұсынылады, қаралады және  бекітіледі.

 

49-тарау.

Қорытынды ережелер

 

244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

245-бап. Қорытынды ережелер

1. Осы Кодекс, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 13, 17, 18-баптарын, 19-бабының 5 және 6-тармақтарын, 29, 40, 71, 74, 77-баптарын, 96-бабының 5-тармағының  5) тармақшасын, 156-бабының 3-тармағын, 240, 241, 242-баптарын, сондай-ақ  республикалық бюджетке арналған 32-39,  60-68, 79, 84, 85-баптарын және  2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 114, 115, 116, 117, 118-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 125-баптың 2, 3, 4-тармақтарында, 127-баптың 1-тармағында, 129-баптың 1-тармағында, 131-баптың 1-тармағында, 136-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында, 4, 5, 6-тармақтарында, 137-баптың 3-тармағында және 143-бапта көзделген  нормалар  2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

2. Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс.

3. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшін жоятын 7, 13, 17, 21, 22, 29, 37, 76, 79, 82, 95, 101-103-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 33, 34, 68-70, 72-75, 92, 93-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат;  № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат;   № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат;  № 12,  77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат; № 13, 98-құжат;  № 16, 129-құжат; № 20, 152-құжат; № 23, 176-құжат;  2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 15-16, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

                 Н.НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 4-і

№ 95-ІV ҚРЗ